• 07.05.2017

    «Қазақфильм» Отан қорғаушылар күніне орай қайырымдылық көрсетілім ұйымдастырды


    Алматыда «Цезарь» кинотеатрында Отан қорғаушылар күніне орай режиссер Лейла Аранышеваның әскери-патриоттық «Десант» фильмі көрсетілді. Жас ұрпақты Отанды сүюге, оған адал қызмет етуге шақыратын бұл фильмді Мәжит Бегалин атындағы №120 мектептің оқушылары мен Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара академиясының курсанттары тамашалады.


    2000 жылы «Қазақфильм» киностудиясында жарық көрген «Десант» фильмі әуе-десант әскеріне Отан алдындағы борышын өтеуге келген үш жігіттің оқиғасы баяндалады. Олар сержант Андрей Буровтың колбасшылығымен әскери дайындықтан өтеді. Бұл фильм достық пен патриотизм, әскери ар-намыс пен абыройлы парыз туралы.


    Фильмдегі басты рөлдерді сомдаған актер-дебютанттар: ол күнде Қазақ Мемлекеттік заң университетінің үшінші курс студенті, ал қазіргі таңда белгілі қоғам және саяси қайраткері Нұрлан Өтешев және «Рэкетир» фильмі арқылы танылған Саят Исембаев. Сержант Буровтың рөлін сомдауға ресейлік актерАлексей Серебряков шақырылған.


    Фильм туралы: Қалада өскен жігіт әскери борышын өтеп десанттық әскерге келеді. Әскери өмірге бейімделіп, мінезі қатайған ол осы жерде шынайы достарды кездестіреді. Алайда тәжік-ауған шекарасында орын алған әскери шиеленіс кезінде достардың барлығы қаза болады. Өндірісі: Ш. Айманов ат. «Қазақфильм» киностудиясы, «КИНО» фирмасы Режиссері: Лейла Аранышева Сценарий авторы: Александр Баранов, Рафхат Самигуллин Операторы: Валерий Мюльгаут Суретші: Юрий Пашигорев Композиторы: Руслан Қара Продюсері: Сайын Ғабдуллин Рөлдерде: Алексей Серебряков, Нұрлан Өтешев, Саят Исембаев, Александр Трубицын, Арман Әсенов, Б. Сейітмамытов, Б. Сұлтанбердиева, С. Қарпықов, Д. Каупынбаев.


    Режиссер туралы: Аранышева Лейла – кинорежиссер, КСРО кинематографистер одағының мүшесі. 1971 жылы Кабардино-Балкарияның Мемлекеттік университетінің филология факультетін, 1977 жылы КСРО Мемлекеттік Кино жанындағы сценаристер және режиссерлер жоғары курсын бітірген (Ю. Карасиктың шеберханасы).


    Кино әлеміне 1970 жылы келді, алғашында режиссердің көмекшісі ретінде қызмет атқарып, кейіннен қоюшы режиссер ретінде танылды. «Балалық шағымның Дон Кихоты», «Күн нұрындай дауыс», «Қосымша сұрақтар», «Ән шырқайтын аралдың құпиясы» «Қош бол, Медеу!» сынды кинокартиналарда екінші режиссер болып жұмыс істеді. 1986 жылы Лейла Аранышева «Пантераның секірісі» атты өзінің алғашқы толықметражды көркем фильмін түсірді.


    ФИЛЬМОГРАФИЯСЫ. Көркем фильмдерді түсірген: «Рядовой Прохоров» (Қазақфильм, 1982), «Пантераның секірісі» (Қазақфильм, 1986), «Бірге» (Қазақфильм, 1988; Душанбеде өткен Бүкілодақтық телевизиялық фильмдер фестивалінің жүлдегері, 1988 ж.; Болгарияда өткен халықаралық кинофестивальдің арнайы жүлдесі, 1989 ж.), «Түсімде көрдім» (Қазақфильм, 1993), «Десант» (Қазақфильм, 1999). Сонымен қатар «Балапан» (Қазақфильм, 1985) атты мультипликациялық фильмді түсірді.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176

                       


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2017