• 05.05.2017

    Асаналі Әшімовтың өмір жолына арналған деректі фильм көрсетілді


    Бүгін Алматыда белгілі актер, КСРО халық артисі Асанәлі Әшімовтың өмірі мен шығармашылық жолына арналған «Зеркальных дел мастер» («Шарайна - шындық шебері») атты деректі фильмнің қазақ тіліндегі нұсқасының тұсаукесері өтті. Аталған іс-шара қазақ кино өнерінің тарланы Асанәлі Әшімовтың 80 жылдығына орай арнайы ұйымдастырылып отыр.

    - Фильмнің аударылған нұсқасына риза болып отырмын. Көңілімнен шықты. Бұл мен туралы түсірілген деректі фильмдердің мықтысы. Бұл фильмді менің 75-жылдығыма орай түсірген, ал 80-жылдығыма фильмді қазақ тіліне аудардық. Қазір киностудияда мен жайлы тағы бір деректі фильм түсіріліп жатыр. Оны ЭКСПО-2017 аясында көрсететін болады...» - деді Асанәлі Әшімов.

    Деректі туынды Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында дубляждалған. Дубляждың режиссері Мұрат Омаров. Мәтінін аударғандар ақын Болат Жетекбай мен Ерлан Жүніс. Картинаны тамашалауға белгілі өнер қайраткерлері, мэтрдың әріптестері мен шәкірттері келді. Көрсетілімнен кейін Асанәлі Әшімовтың қатысуымен баспасөз отырысы өтті. Айта кететін жайт, «Қазақфильм» киностудиясында қазақ киносының іргетасы қалыптасқаннан бергі осы күнге дейін танымалдылыққа ие болып келген актерлардың бірегейі, Қазақстан Республикасының халық артисі Асанәлі Әшімовтың 80 жылдығына арналған деректі фильмнің түсірілім жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл фильмде актердың ауыр өмір жолы –сұрапыл соғысты көрген балалық шағы және халықтың қошеметіне бөленіп, халық қалаулысы болғанға дейінгі өмірі баяндалады.

    Фильм Асанәлі Әшімұлының актер және тұлға ретінде өсу кезеңін көрсетеді. Кинокартинаға оның жақын адамдары – әріптестері мен достары қатысқан. Фильмде архивтік суреттер, сахналық қойылымдар, хроникалық кадрлар және фильмдерден үзінділер келтірілген.

    «Асанәлі Әшімов» деп аталатын бұл фильмде актердің өмірге деген философиялық көзқарасы – өмір жолыңды шахматтағы пешка боп бастап, жақындарыңды жоғалтқанда ғана әр қадамды жасамас бұрын ойлану керектігін ұғынасыңға саяды.

    Әшімовтың өмірлік ұстанымы – оның жеке басы мен шығармашылығында орын алған оқиғалардың нәтижесі. Соғыспен сәйкес келген балалық шағы, соғыстан кейінгі ержетіп есеюуі, актер ретіндегі алғашқы қадамдары – кейде сәтті, кейде сәтсіз, жақындарынан айырылуы, жалғыздығы, бәрі – оның қазақ кинематографиясының мақтанышы атану жолында көтерілген бір сатысы болып қала бермек. Әшімовтың өнер жолындағы әр қадамы туған жерінде ғана емес бүкіл Кеңес және әлемде толық мойындалуына әкелді.

    Фильм танымал актер, сценарист, кинорежиссер Асанәлі Әшімұлы Әшімовтың өмірі мен киноалаңдағы жеңістері мен жеңілістері, қайғысы мен қуанышы туралы баяндайды.

    Сондай-ақ, бұл картинаны «ЭСПО – 2017» аясында Асанәлі Әшімовтың 80-жылдығына орай халықаралық театр фестивалінде көрсететін болады.

    Кейіпкер туралы: Әшімов Асанәлі Әшімұлы – актер, кино және театр режиссері, сценарист, педагог. 1937 жылы 9 мамырда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Байқадам ауылында дүниеге келген. 1961 жылы Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының (1977 жылы Театралды-көркемдік институт болса, қазір Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы) театр факультетін актер мамандығы бойынша бітірген. 1961-1963 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында жұмыс атқарды. Осы жерде оның кинематографиядағы қызметі басталған еді. 1963 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында және режиссері болды. 1987-1988 жылдары театрдың көркемдік жетекшісі болды. Асанәлі Әшімов көптеген фильмдерге түсіп, «Атаманның ақыры», «Транссібір экспресі», «Маньчжур нұсқасы» картиналарында басты рөлді сомдап, атақты болды. Театр мен кинода актер бола жүріп, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында дәріс берді (профессор). 1978 жылы Қазақ КСР халық артисі 1980 жылы КСРО халық артисі 1990 жылдан бері «Елім-ай» киностудиясында президент. Серке Қожамқұлов, Шәкен Айманов, Құрманбек Жандарбеков, Қанабек Байсейітов сынды қазақ театр өнерінің майталмандарымен бірге жұмыс атқарды. Театр сахнасында Нұрмұқан Жантурин, Ыдырыс Ноғайбаев, Әнуар Молдабеков сынды белгілі актерлармен бірге өнер көрсетті. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында 50-ден астам рөлдерді сомдаған. 2007 жылы «Экран шебері» атағын алды.

    Фильмографиясы Режиссер ретінде төмендегі фильмдерді түсірген: «Аждаһа жылы» (1981), «Шоқан Уәлиханов» (1983,1984), «Жусан» (1986), «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» (1992), «Тұзды көл жағасындағы үй» (2004) Көркем фильмдердегі сомдаған ролдері: «Ботагөз»(1957),«Ертістің жағасында»(1959), «Қыз Жібек»(1969,1970), «Атаманның ақыры»(1970), «Транссібір экспрессі» (1977), «Нан дәмі»(1979), «Маньчжур нұсқасы» (1989), «Саранча» ( 2001-2003), «Тұзды көл жағасындағы үй» (2004), «Ежелгі бұлғарлар дастаны». Шыңғыс хан қызының махабаты туралы дастан (2005), «Сіз кімсіз, Ка мырза?» (2009), «Кемпiр» (2015).



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176

                       


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2017