• 05.05.2017

    «Қазақфильмде» түрік кинематографистерімен кездесу өтті


    Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясына танымал түріктің режиссері Кәміл Коч және «Қожа Ахмет Яссауи білім және парасат» қоғамдық қорының президенті Ахмет Яхши келді.


    Кәміл Коч Қазақстанға «Қазақфильм» киностудиясымен және жалпы қазақ кинематографиясымен танысу мақсатында келген. Қонақтар «Қазақфильм» киностудиясының президенті Бақыт Қайырбековпен кездесті.


    Кездесу кезінде Кәміл Коч Бақыт Қайырбеков арнайы қабылдағаны және еліміздің ең үлкен кинофабрикасымен танысуға мүмкіндік жасағаны үшін алғысын білдіріп, былай деді: «Уақытыңызды бөліп, мені қабылдағаныңыз үшін алғыс айтамын. Тарихы терең киностудия аумағының әдемілігіне сүйсініп отырмын». Сондай-ақ кездесу барысында Кәміл Коч түркі халықтары фильмдерін өндіру және қаржыландыруға бағытталған кино қорын құру туралы ұсыныс тастап, Қожа Ахмет Яссауи жайында фильм түсіруге қызығушылық танытатынын және бұл жобаны «Қазақфильммен» бірлесіп іске асыруды қалайтынын айтты. Өз кезегінде Бақыт Қайырбеков болашақта ашылатын түркі тілдес халықтарының фильмдері қоры құрылуына тілектес екендігін айтты: «Киностудиямызға келгендеріңізге қуаныштымыз және түрік кинематографистерімен бірлесіп жұмыс жасауға әрдайым дайынбыз. Киностудияның бағыттарының бірі – шетелдік студиялармен бірлескен жобаларды іске асыру. Оның үстіне жасалатын фильмдер ортақ тарихымыздан хабар береді. Киностудияның меншігінде Смағұл Елубай ағамыз жазған «Яссауи» атты дайын сценарий бар және бірлесіп жұмыс жасайтын жағдайда сіздерді автормен таныстырамыз. Сондай-ақ, біздің фильмдер Түркияның кинофестивальдеріне, атап айтқанда, қонағымыз Кәміл Коч мырза басқаратын «Босфор» фестиваліне жыл да қатысып жүлдемен оралатынын қуанышпен айтқым келеді».


    «Қазақфильм» қызметкерлері қонақтарға киностудия аймағы бойынша экскурсия ұйымдастырды. Экскурсия барысында қонақтар «Қазақ Елі» сериалының декорациясын аралады.


    Анықтама: Кәміл Коч Түрік кинорежиссері, сценарист «Eskimez Film Production Company» компаниясының директоры Ыстамбұл өнер және мәдениет орталығының төрағасы Түрік фильмі продюсерлері қауымдастығының мүшесі Фильмографиясы: «Түрік фильмінің ғасыры» деректі фильм «Асфальт гүлдері» көркем фильм «Темір етік, темір таяқ» көркем фильм «Біздің ауылдың әйелдері» көркем фильм «Соңғы кезеңдегі түрік фильмі» деректі фильм



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176

                       


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2015