• 25.04.2017

    «Қазақфильмде» сценарийлер байқауы жалғасуда


    Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігінде қысқаметражды көркем фильмдер сценарийлерінің конкурсы жалғасуда. Әзірге әр түрлі жанрдағы бірнеше ондаған сценарийлер келіп түскен.


    Сәуірдің ортасында біз барлық әлеуметтік желілер арқылы қысқаметражды көркем фильмдердің сценарийіне конкурс жарияладық. Нақтырақ айтар болсақ, конкурс емес - сценарий іріктеу. Негізінде, іріктеуде салалы білімі бар авторларға ден қойылады - режиссерлер мен сценаристерге. Жалпы автордың бұған дейін жасаған видеофильмі, роликтері болғаны құпталады. Өйткені жұмыстары арқылы біз оның режиссерлік әлеуетін, көзқарасын тануға мүмкіндік аламыз.– деді «Дебют» ШӨБ жетекшісі Анар Қашағанова.


    Эксперттік кеңестің теңтөрағасы Бекболат Шекеров өндіріске жіберілетін сценарийлердің іріктеу үрдісі туралы айтып берді: – Қазір іріктеу жұмыстары бел ортасында. Біз ерекше, есте қаларлықтай талантты жұмыстарды іздеп отырмыз. Бізге Қазақстанның барлық аймақтарынан сценарийлер түсіп жатыр. Кейбір авторлар бірнеше сценарийден жіберген. Олардың ішінде көркем сөзді өз деңгейінде меңгергендер және әдеби формада жаза алмайтын алайда қағаз бетіне көңіл-күй түсіре алатын авторлар да бар. Іріктеуге «Қазақфильмнің» Эксперттік кеңесінің өкілдері және «Дебют» ШӨБ жетекшілері қатысады. Іріктелген сценарийлер өндіріске жіберілетін болады.


    Естеріңізге сала кетсек, «Қазақфильмнің» «Дебют» ШӨБ сәуірдің ортасында сценарийлер байқауын жариялаған болатын. Конкурстың шарттары бойынша байқауға жас сценаристермен қатар өз ісінің кәсіби мамандары да қатыса алады. Сценарийлерді expertkazfilm@gmail.com электронды поштасы арқылы жіберуге болады. Конкурс мамырдың біріне дейін жалғасады. Байқаудың қорытындысы үстіміздегі жылдың мамыр айының ортасында жарияланады.


    • Сценарийде төмендегі мазмұндағы сахналар болмауы тиіс: конституциялық құрылымды күштеп өзгертуді үгіттеу немесе насихаттау; Республиканың тұтастығын бұзу; мемлекет қауіпсіздігіне зиянкестік жасау; әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік және рулық үстемдікті, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты үгіттеу немесе насихаттау көріністері, сонымен қатар порнографиялық және арнаулы сексуалдық-эротикалық сипаттағы көріністер.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176

                       


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2017