• 25.01.2017

    «Қазақфильмде» қысқаметрлі жеті фильмнің өндірісі аяқталды

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының «Дебют» шығармашылық өндірістік бірлестігінде жеті қысқаметрлі көркем фильмнің өндірісі аяқталды. Биылғы жылы аталмыш бірлестіктің таңдауы жанры жағынан әр түрлі жеті сценарийге түсті. Олар: «Жетім бұрыш» - Е.Бораншы; «Жесткий тип» - Баймұрат Жұманов; «Миша» - А.Әуелбек; «На грани» - А.Байракимов; «Письмо» - А.Мұсатаев, «Таксист» - Д.Махмұт және «Эль Фриман» - Е.Рақымбеков.  Қазіргі уақытта барлық фильмдердің түсірілім жұмыстары аяқталып, монтаждау кезеңіне өткен. Фильмдер ҚР Мәдениет және спорт министрлігінінң тапсырысы бойынша  түсірілген.

    Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ Президенті Б.Ғ.Қайырбеков өз мәлімдемесінде: «Қазақфильмнің» негізгі мақсаттарының бірі - жас кинематографистерге қолдау көрсету. Осы орайда,біз жыл сайын алты –жеті  жас талапкерлерге тырнақалды фильмдерін түсіруге мүмкіндік береміз. Бұл мүмкіндік тек режиссерлерге ғана емес, сондай-ақ, басқа да жас кино мамандарына беріледі. Қазақ киносының келешегі осы жастардың қолында, сондықтан да оларға кино өнеріне жол ашу қажет, - деді.

    «Қазақфильм» киностудиясында 1959 жылдан бастап қысқаметрлі кино түсіру тәжірибесі енгізілген. Кейіннен «Дебют» шығармашылық өндірістік бірлестігі болып ашылған. Содан бері бұл бірлестік талай режиссерлерді елімізге танытты.

    Бірлестіктің басты мақсаты жас кинематографистерге сценарий жазудан бастап пост-продакшнге дейінгі өндіріс үрдісімен таныстыру. «Дебют» шығармашылық өндірістік бірлестігі жыл сайын онға жуық  жас кинематографистердің кино түсіруіне мүмкіндік береді. «Дебют» ШӨБ жетекшісі Анар Қашағанова осы бірлестікті бірнеше жылдар бойы басқарып келеді.

    Жас режиссерлердің сценарийлерін таңдау үрдісі қалай жүретіні туралы 1988 жылы «Қазақфильмде» өзінің тырнақалды «Шілде» атты қысқаметрлі фильмін түсірген режиссер, бірлестіктің көркемдік жетекшісі  Дәрежан Өмірбаев былай деді: -  Режиссерлерді өндіріске жіберудің алдында қоржынымызға келіп түскен сценарийлерді талқылаймыз. Соның ішінен жақсы дүние шығады дегендерін іріктеп аламыз. Сценарий авторларымен сөйлесіп, олардың дүниетанымымен танысамыз. Осыған дейін түсірген фильмдерін көреміз. Содан кейін, өндіріске жіберу мәселесін қарастырамыз.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019