• 27.01.2014

    Серік Апрымовтың «Бауыр» фильмі Францияда өтетін Халықаралық кинофестивальге қатысады.

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жарыққа шығарған режиссер Серік Апрымовтың «Бауыр» фильмі Францияның солтүстігінде орналасқан Валь-де-Марн орталығында қаңтардың 29-ы мен ақпанның 11-і аралығында өтетін 24-ші Халықаралық балалар мен жасөспірімдерге арналған Ciné Junior кинофестивалінің  негізгі байқауына қатысады.  

     24-ші Халықаралық Ciné Junior кинофестивалінің негізгі байқауына қатысатын туындылар: «Бауыр» режиссері Серік Апрымов (Қазақстан),  «Пілдердің салмағы» режиссері Дэниэл Боргман (Дания, Жаңа Зеландия, Германия, Франция, Швеция), «Сол  күннің қарсаңында» режиссері Карим Муссауи (Франция, Алжир), «Алланың нұры» режиссері  Катарина Макштейн (Австрия), «Анина» режиссері Альфредо Содергуит (Уругвай, Колумбия), сонымен қатар «Кішкентай Анна және оның ұзын ағасы» режиссері  Алисиа Яворский, Лассе Персон және Пер Олин (Швеция).

     Аталмыш кинофестивальдің негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің өмірін баяндайтын картиналарды паш ету. Фестиваль ұйымдастырушылары тағайындаған жүлделер: Бас жүлде – «Үздік фильм» (8000 евро қаржылай сыйлық); Халықаралық көркем фильмдер конфедерациясы (C.I.C.A.E.) жүлдесі; 6 және 15 жас аралығындағы балалар  және жастар тағайындаған  «Үздік фильм» жүлделері бар.   

     Айта кетсек, 2010 жылы аталмыш кинофестивальдің негізгі байқауына Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жарыққа шығарған Рүстем Әбдірашевтың «Құрақ көрпе» фильмі қатысып, CICAE қазылар алқасының жүлдесі және «Үздік фильм» номинациясы бойынша марапатталған болатын.

     Естеріңізге сала кетсек, «Бауыр» фильмі ең алғаш 70-ші Халықаралық Венеция кинофестивалінің «Көкжиектер» бағдарламасында көрсетілген болатын. Аталмыш кинофестивальден кейін «Бауыр» фильмі IX Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің негізгі байқауына қатысып, екі бірдей жүлдеге – «Үздік режиссер» және НЕТПАК жүлделеріне қол жеткізді.

    Сонымен қатар, «Бауыр» фильмі Австрияда өткен Халықаралық «Viennale» кинофестиваліне қатысты. Қаңтар айында Серік Апрымовтың фильмі Гётеборг қаласында өтетін Халықаралық кинофестивалінің негізгі байқауында көрсетілетін болады.  



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz

  


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019