• 17.01.2014

    Серік Апрымовтың «Бауыр» фильмі Гётеборг қаласында өтетін Халықаралық кинофестивальде көрсетіледі

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жарыққа шығарған режиссер Серік Апрымовтың «Бауыр» фильмі қаңтардың 24-і мен ақпанның 3-і аралығында Швецияның Гётеборг қаласында өтетін 37-ші Халықаралық кинофестивалінің «Бес континент» бағдарламасында көрсетіледі.

    Скандинавияның ең ірі кинофестивальдерінің бірі болып саналатын аталмыш кинофестиваль 1979  жылдан бері  өткізіліп келеді. Биыл фестиваль шеңберінде 76 мемлекеттен келген 500-ге жуық фильмдер көрсетіледі.

    Серік Апрымовтың «Бауыр» фильмі қаңтардың 25, 27 және 28-нде «Biopalatset» кинотеатрында көрсетіледі.

    Естеріңізге сала кетсек, «Бауыр» фильмі ең алғаш 70-ші Халықаралық Венеция кинофестивалінің «Көкжиектер» бағдарламасында көрсетілген болатын. Аталмыш кинофестивальден кейін «Бауыр» фильмі IX Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің негізгі байқауына қатысып, екі бірдей жүлдеге – «Үздік режиссер» және НЕТПАК жүлделеріне қол жеткізді.

    Айта кетсек, былтыр Гётеборг кинофестивалінде Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жарыққа шығарған режиссері Дәрежан Өмірбаевтың «Студент» фильмі көрсетілген болатын.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019