• 11.09.2013

    «Қазақстан киножобалар нарығы -2013» байқауының қорытындысы

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    «Қазақстан киножобалар нарығы -2013» («Spotlight: New Kazakh Cinema - 2013») байқауының  іріктеу нәтижелері белгілі болды. Жұмыс барысында Қазақстанның түкпір-түкпірінен  70-тен аса  өтінім келіп түсті. Көптеген қызықты жобалардың ішінен жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды анықтау оңай болмады. Іріктеу барысында жобаның шығармашылық ерекшелігімен  қатар, оның дайын сценарийінің болуы және сол жобаға халықаралық серіктесті тарту мүмкіндігі есепке алынды.  

    «Ресми байқау»

    Ресми байқаудың қатысушылары  өз жобаларын 2013 жылы 19 қыркүйекте  өтетін  арнайы презентацияда (питчинг) ұсынатын болады. Халықаралық сарапшылар  тарапынан үздік деп танылған жоба, «Қазақфильм» киностудиясының  қолдауына ие болады.

    1. Анар Құсанова («Шынжыр» жобасы)

    2. Әділхан Ержанов («Алиюшка» жобасы)

    3. Мария Абадиева («Біздің жол» жобасы)

    4. Мадияр Қасымов («Дана» жобасы)

    5. Артем Ганцев («Қазақстан  далаларындағы Ленин» жобасы)

    6. Салтанат Мырзалинова-Яковлева («Ертеңгі күн» жобасы)

    7. Төлеген Байтөкенов («Ақылханның оралуы» жобасы)

    8. Марина Кұнарова («Қуаныш» жобасы)

    9. Серік Әбішев («Адемочка» жобасы)

    10. Антон Митнев («Ауыл дәрігері» жобасы)

     «Үміт күттірер жобалар» («Перспективы»)

    Бұл топқа іріктелініп алынған кинематографистер өз жобаларын байқаудан тыс халықаралық сарапшылар мүшелеріне көрсете алады. Ол үшін алдын-ала жазылу керек.

    1. Әмір Шайестех Табар («Скрипка» жобасы)

    2. Жандос Қыдырбаев («Қараңғыдағы жүгіріс» жобасы)

    3. Тимур Ақбаров («Жолаушы» жобасы)

    4. Әділ Мұсатаев («Табиғаттағы  үйлесімсіздік» жобасы)

    5. Руслан Пак («Іңкәр» жобасы)

    6. Сейітжан Спанов («Картина» жобасы)

    7. Шәрипа Оразбаева («Несиедегі өмір» жобасы)

    8. Серік Ыбрайым («40 минут» жобасы)

    9. Арман Алдажаров («Ақыл-есінен адасқандар» жобасы)

    10. Далмира Тілепберген («Тас жауыны» жобасы)

     «Казақстан киножобалар  нарығы – 2013» байқауының  халықаралық сарапшылары:

    1. Винченцо Буньо – «World Cinema Fund» со-директоры/ Германия;

    2. Ивана Хроникс – «Hubert Bals Fund» со-директоры/ Нидерланды;

    3. Матье Даррас –  «Torino Film Lab» координаторы, кинокритик, киновед, «San-Sebastian» ХКФ іріктеушісі, «NISI MASA» директоры/ Франция;

    4. Бригитта Мантей – «Medienboard Berlin-Brandenburg» қаржы бойынша сарапшы/ Германия;

    5. Тьерри Ленувель – «CineCud» кеңесшісі/ Швейцария;

    6. Гийом Менге – «Produire au Sud» питчинг-алаңының директоры/ Франция;

    7. Денис Васлин – «Volya Film» президенті, продюсер / Нидерланды / Франция;

    8. Гийом де Сей – «Arizona Productions» президенті, продюсер / Франция;

    9. Карстен Штоттер – «Roh Film» президенті, продюсер / Германия;

    10. Рашид Нұғыманов – «Popular Film» президенті, режиссер, продюсер/ Франция;

    11. Ада Соломон –  «Hi-Film» президенті, продюсер («Поза ребенка» фильмі Берлин ХКФ-де «Алтын Аю» жүлдесімен марапатталған) / Румыния;

    12. Сергей Сельянов – «СТВ» президенті, продюсер / Ресей.

     

    Аталмыш байқауға қатысқан барлық режиссерлерді, сценаристер мен продюсерлерді, сонымен қатар,  Қазақстан кино өнерінің өкілдерін «Қазақстан киножобалар нарығына», дөңгелек үстөлдер мен  халықаралық сарапшылармен өткізілетін кездесулерге қатысуға  шақырамыз.  (Іс-шара бағдарламасы жақын күндері жарияланатын болады).

    Алдын ала тіркелу  үшін мәліметтеріңізді kazakhfilmproject@gmail.com  поштасына  жіберіп, немесе  313-11-21 телефонына қоңырау шалу керек.

    Естеріңізге сала кетсек, бірінші «Қазақстандық киножобалар нарығына»  60-тан астам өтінім келіп түскен болатын.  Іріктеліп алынған  8 жобаның ішінен   Эмир Байғазиннің «Жарасым дәрістері» жобасы үздік деп танылып, Бас жүлдеге  –Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ қаржылай қолдауына және   халықаралық деңгейде танылуына қол жеткізе алды.  Ал осы жылдың ақпан айында «Жарасым дәрістері» картинасы   қазақ кинематографиясы тарихында тұңғыш рет Халықаралық Берлин кинофестивалінің негізгі байқауына іріктеліп алынып, «Үздік оператор» номинациясында  «Күміс аю» жүлдесіне  қол жеткізе алды. Сондай-ақ, аталмыш тырнақалды кинотуынды Словакия елінде, Сиэтл мен Базель қалаларында өткен халықаралық кинофестивальдерде  Бас жүлдеге  қол жеткізіп, Нью-Йорк қаласында өткен «Трайбека» кинофестивалінде қазылар алқасының арнайы дипломымен және ІІІ «Край света» кинофестивалінде «Үздік режиссер» жүлдесімен марапатталды. 

    Сонымен қатар, бірінші «Қазақстандық киножобалар нарығында» жас режиссерлер Әділхан Ержанов («Журналист экстрима» жобасы үшін/өндірісте) және Талғат Бектұрсынов («По дороге домой» жобасы үшін/талқылау үстінде) арнайы дипломмен марапатталған болатын.   

    «Қазақстан киножобалар нарығы-2013» байқауының  қатысушыларына  сәттілік тілейміз!       



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019