• 11.09.2013

    Эмир Байғазин шеберлік сағаттарын өткізді

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Тамыздың 18-і мен 24-і аралығында Сараево қаласында (Босния және Герцеговина) өткен 19-шы Халықаралық кинофестивальдің «Sarajevo Talent Campus» жобасы шеңберінде жас қазақ режиссері Эмир Байғазин шеберлік сағаттарын өткізді.

    «Стиль іздеу: кино тілінің эстетикасынан этикасына қарай қозғалыс» атты шеберлік сағаты осы жылдың басында қазақ кинематографиясы тарихында тұңғыш рет Берлин Халықаралық кинофестивалінде «Ең үздік оператор» номинациясының «Күміс Аю» жүлдесіне, Сиэтл қаласында өткен кинофестивальде Бас жүлдеге және көптеген жетістіктерге қол жеткізген «Жарасым дәрістері» фильмінің түсіру жұмыстарына арналды.

    Осымен жетінші рет шымылдығын ашқан «Sarajevo Talent Campus» жобасы бұл жолы да әйгілі кинематограф сарапшыларының дәрістері мен тәжірибиелік бағдарламаларын ұсынып отыр. Аталмыш шараға оңтүстік-шығыс Еуропа, Армения, Әзірбайжан, Грузия және Молдованың жас кинематографистері қатысты. Сонымен қатар, фестиваль барысында Францияның танымал режиссері Леос Каракс, продюсер Филипп Бобер, американдық актер Дэни Гловер, румыния кинорежиссері Кристи Пую, босниялық режиссер Данис Танович сынды басқа да белгілі кинематографистер шеберлік сағаттарын өткізді.

    «Film Comment» атты америкалық басылым отандық режиссерді «63-ші Берлин кинофестивалінің жаңалығы» және «Авторлық киноның жаңа бастамашысы» деп жазды. Сондай-ақ, «Жарасым дәрістері» картинасы туралы «The Hollywood Reporter», «Variety», «Screen Daily», «Los Angeles Times», «Le Monde», «La croix», «Der Tagesspiegel» және басқа да әлемге әйгілі басылымдар жарыса жазды.

    Тамыз айында Эмир Байғазин Локарно қаласында өткен Халықаралық кинофестивалінің «Pardi di domani» бағдарламасының қазылар алқасының мүшесі болды. Айта кетсек, жас режиссер Алматы қаласында қыркүйек айында өтетін IX Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің қазылар алқасының құрамында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды анықтайтын болады.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019