• 07.08.2013

    «Қазақстандық киножобалар нарығы – 2013»

    2013 жылы 19 қырүйекте Алматы қаласында IX  Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі шеңберінде жас кинематографистерді қолдап,  халықаралық ко-өнімдерін дамытуға бағытталған  екінші «Қазақстандық киножобалар нарығы» («Казахстанский рынок кинопроектов» /«Spotlight: New Kazakh Cinema») атты кәсіби халықаралық бизнес алаңы өтеді.

    2011 жылы өткен бірінші «Қазақстандық киножобалар нарығына»  60-тан астам өтінім келіп түскен болатын.  Іріктеліп алынған  8 жобаның ішінен   Эмир Байғазиннің «Жарасым дәрістері» жобасы үздік деп танылып, Бас жүлдеге  –Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ қаржылай қолдауына және   халықаралық деңгейде танылуына қол жеткізе алды.  Ал осы жылдың ақпан айында «Жарасым дәрістері» картинасы   қазақ кинематографиясы тарихында тұңғыш рет Халықаралық Берлин кинофестивалінің негізгі байқауына іріктеліп алынып, «Үздік оператор» номинациясында  «Күміс аю» жүлдесіне  қол жеткізе алды. Сондай-ақ, аталмыш тырнақалды кинотуынды Словакия елінде, Сиэтл мен Базель қалаларында өткен халықаралық кинофестивальдерде  Бас жүлдеге  қол жеткізіп, Нью-Йорк қаласында өткен «Трайбека» кинофестивалінде қазылар алқасының арнайы дипломымен марапатталды.

    Сонымен қатар, «Қазақстандық киножобалар нарығында» жас режиссерлер Әділхан Ержанов («Журналист экстрима» жобасы үшін/өндірісте) және Талғат Бектұрсынов («По дороге домой» жобасы үшін/талқылау үстінде) арнайы дипломмен марапатталған болатын.  

    Биыл, екінші «Қазақстандық киножобалар нарығына» қатысуға Еуропа мен Азияның кинобизнес саласындағы алдыңғы қатардағы мамандары келеді, олар: киноқорлар мен ірі ко-өнімі нарығының басшылары, танымал продюсерлер,  сату бойынша агенттер мен дистрибьюторлар. Олардың басты мақсаты-жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқан Қазақстан киноөндірісімен етене танысу және кейбір жобаларды бірге ұйымдастыру.

    «Қазақстандық киножобалар нарығының» ресми бағдарламасына 7-10 авторлық  жоба іріктелініп алынады.   Бұл жобаларды ашық  тұсаукесер-питчинг кезінде оның режиссерлері, продюсерлері мен сценаристері таныстырады. Халықаралық сарапшылар тарапынан үздік деп танылған жоба «Қазақфильм» киностудиясының қолауына ие болады.

    Сондай-ақ, «Еуразия» кинофестивалі  шеңберінде дөңгелек стөлдер мен  шебер класстар  өткізіледі.
     
         Аталған шараға қатысу үшін 2013 жылдың 25 тамызына дейін сұранымды толтырып өткізу керек.
     

    Жобаларды таңдауда қолданылатын талаптар:
    •    Өндіріс үстіндегі көркем толықметражды авторлық фильм;
    •    Сұранымды тапсыру барысында бекітілген сценарийдің болуы;
    •    Халықаралық немесе еуропалық дистрибуция үшін жоба мінездемесінің  әлеуеті жоғары болуы шарт;
    •    Жобаның өндіріске кететін шығыны - 1 млн. АҚШ доллары.

    Керек құжаттар:
    •   
    Толтырылған сұраным түрі;
    •    Орыс және ағылшын тіліндегі синопсис (3 бет);
    •    Орыс және ағылшын тіліндегі режиссер көзқарасы  (1 бет).

    Сондай-ақ, егер де сіздің жобаңыз халықаралық ко-өніміне сай болмаса, «Қазақстан киножобаларының нарығына» қатыса аласыз.

    Бұл іс шараға кіру тегін.  Қазақстан кино саласының өкілдері (продюсерлер, дистрбьюторлар, режиссерлер, сценаристер, студенттер және т.б.) қатыса алады.  

    Электронды пошта бойынша толтырылған сұранымды жолдап, алдын ала
    жазылып алуларыңыз қажет.
     
    Қатысу үшін толтырылған сұранымдарыңызды және аккредитация алу үшін электронды поштаға: KazakhFilmProject@gmail.com  жолдаңыздар.
     
    Байланыс телефоны: 313-11-21, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ Киножобаларды дамыту орталығы.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz

  


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019