• 20.11.2012

    Актер Ерболат Тоғызақов «Жылдың үздік актері», ал Ермек Тұрсыновтың «Шал» фильмі «Жылдың үздік фильмі» атанды

    19 қарашада Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында осымен 13-ші рет өткізілген «Жыл таңдауы- Жыл адамы» ұлттық жобасының бас жүлдегерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

    Бұл кеште Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ шығарған режиссер Ермек Тұрсыновтың «Шал» фильмінде басты рөлді сомдаған актер Ерболат Тоғызақов «Жылдың үздік актері» номинациясында Бас жүлде – «Алтын адам» сыйлығымен марапатталды.

    Олимпиадада бірінші орын алғандай сезініп тұрмын. Осы фильмге жоғары баға беріп, менің рөлімді жылы қабылдаған халқыма алғысым шексіз. Сонымен қатар, мені әрдайым қолдап жүрген «Қазақфильм» киностудиясына үлкен рахмет! - деп қуанышымен бөлісті актер.

    Аталмыш байқауда «Шал» картинасы да «Жылдың үздік фильмі» атанды.
    Актер Ерболат Тогузаков стал «Киноактером года», а картина «Шал» Ермека Турсунова «Фильмом года» 
    «Қазақфильм» киностудиясының ұжымы актер Ерболат Тоғызақов пен «Шал» фильмінің түсіру тобын осы жеңістерімен құттықтайды!

    Естеріңізге сала кетсек, «Шал» фильмі 2012 жылы 11 қазаннан бастап прокатқа шығып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленген болатын.

    «Жыл таңдауы» - саясаттан алыс, әрі коммерцилық тұрғыдан ешкімге тәуелсіз ұлттық жоба. Қазақстандықтардың таңдауы бойынша іріктеп алынған байқаудың жеңімпаздары «Алтын адам» сыйлығымен тегін марапатталады. Мәдени іс-шара халықаралық дәрежеге сай ТМД-ның бес елінде: Қазақстанда, Қырғызстанда, Өзбекстанда, Украина мен Беларуссияда өткізіледі.

    Алдыңғы жылдары «Алтын адам» сыйлығымен актер Асанәлі Әшімов, режиссерлер Серік Апрымов, Ермек Тұрсынов, Ақан Сатаев марапатталған болатын.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz

  


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019