• 14.11.2012

    Польшада қазақ киносының күндері өтеді

    plakat_dkk_screen.jpgҚарашаның 14-і мен 19-ы аралығында Польшада «БАРС» Қазақстан жастар қоғамының ұйымдастыруымен «Польшадағы Қазақстанның мәдени күндері» жобасы аясында «Қазақ киносының күндері» өтеді.

    Жобаның басты мақсаты еліміздің мәдениетін, дәстүрі мен тарихын паш етіп, екі елдің достық қарым-қатынастарын нығайту. Мәдени іс-шара барысында «Қазақфильм» киностудиясының фильмдері көрсетіледі, олар: «Мұстафа Шоқай» (режиссері Сатыбалды Нарымбетов), «Қызғылт қоян туралы хикая» (режиссері Фархат Шәріпов), «Ликвидатор» (режиссері Ақан Сатаев), «Жерұйық» (режиссері Сламбек Тәуекел), «Балалық шағымның аспаны» (режиссері Рүстем Әбдірашев) және «Қазақфильм» киностудиясының қолдауымен ALDONGAR Productions кинокомпаниясы шығарған «Сталинге сыйлық» фильмі (режиссері Рүстем Әбдірашев).

    Көрсетілімдер Польшаны Варшава (14-16 қараша), Познань (20-22 қараша), Краков (7-13 желтоқсан) және Лодзь (17-19 желтоқсан) калаларында өтеді.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019