• 11.10.2012

    «Шал» фильмі көрерменге жол тартты

    2012 жылы 10 қазанда «Арман» кинотеатрында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ шығарған, режиссер Ермек Тұрсыновың «Шал» фильмінің тұсаукесері өтті. Фильм Эрнест Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» повесінің желісі бойынша түсірілген.

    Ермек Турсунов

    Тұсаукесердің алдында жаңа туынды БАҚ өкілдеріне арнайы көрсетілді, соңынан режиссер Ермек Тұрсыновтың, актерлер Ерболат Тоғызақов пен Орынбек Молдаханның және Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президентінің киноөндіріс жөніндегі кеңесшісі Сламбек Тәуекелдің қатысуымен баспасөз-конференциясы өтті.

    − Бұл туынды арқылы біздің әкелерімізге құрмет көрсеткім келді. Олардың заманы тым ауыр болды емес пе. Көбі қазір өмірден өтіп жатыр. Олардың алдында тағзым етіп, қоштасқым келді. Егер кімде-кім осы картинаны тамашалап, өз әкесіне қоңырау шалатын болса — еңбегім текке кетпегені деп білемін,-деді режиссер баспасөз отырысында.

    10 октября 2012 года в кинотеатре «Арман» состоялся премьерный показ фильма Ермека Турсунова «Шал».

    Режиссер өзінің алғашқы жұмысы «Келін» фильмі жайында әңгімелеп, Голливуд жұлдызы Клинт Иствудтың осы картинаны тамашалағаннан кейін «Бақилық болған анама коңырау шалып, онымен тілдескім келді. Бұл фильм ақ жаулықты аналарымызға арналған екен» деп айтқанын еске алды. Сонымен қатар, режиссер Ермек Тұрсынов «Шал» фильмі жоспарланған трилогияның екінші бөлімі екенін атап өтті.

    — Трилогияны жеті жылда түсіремін деп жоспарлап отырмын. Алғашқы бөлімі – бәріңізге жақсы таныс «Келін» фильмі, екіншісі - «Шал» фильмі болса, соңғы бөлімі «Кенже» деп аталады. «Келін» өткенді, «Шал» бүгінгі күнді суреттесе, «Кенже фильмі» болашақ өмірді баяндайды. «Келінде» тау, «Шалда» жазық дала, ал «Кенже» - қаланы бейнелейді. Осы қысқа уақыт аралығындағы ұлтымның дамуын көрсеткім келеді, — деді Ермек Тұрсынов.

    10 октября 2012 года в кинотеатре «Арман» состоялся премьерный показ фильма Ермека Турсунова «Шал».

    Басты кейіпкер Қасым шалдың немересінің рөлін сомдаған жас актер Орынбек Молдахан жиналған журналистерге өз атасының қойшы болғанын және ауыл өмірінің тыныс- тіршілігімен жақсы таныс екендігін айтты.

    — Фильмдегі Қасым ата менің туған атам сияқты маған қамқорлық жасап жүрді. Ал жануарлармен ешқандай қиындық болған жоқ. Қазақ емеспін бе, атқа отыруды да тез үйрендім, - деді жас актер.

    10 октября 2012 года в кинотеатре «Арман» состоялся премьерный показ фильма Ермека Турсунова «Шал».

    Қасым шалдың рөлін сомдаған актер Ерболат Тоғызақов болса, «Осындай тамаша туындыларға түсу үшін, зейнеткер болуды күту керек екен. Сабырлық түбі - сары алтын», екенін айтты.

    Фильмнің түсірілімі 2011 жылдың ақпан айында басталған болатын.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz

  


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019