• 28.12.2010

    «Құлагер-2010» Ұлттық кинематография сыйлығын тапсырудың салтанатты рәсімі өтті

    2010 жылдың 27 желтоқсанында Кино Үйінде төртінші «Құлагер-2010» Ұлттық кинематография сыйлығын тапсырудың салтанатты рәсімі өтті.

    «Құлагер» Ұлттық кинематография сыйлығының құрылтайшылары Қазақстанның кинематографистер Одағы және Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ болып табылады. Сый ақыны тағайындаудың басты мақсаты — Қазақстан Республикасының ұлттық кинметография саласының сапалы әрі серпінді дамуын қадағалау.

    «Құлагер-2010» сыйлығының иегері ретінде «Үздік режиссер» номинациясы бойынша эксперт комиссиясына «Ал қызыл қоян туралы хикая» деп аталатын жастар драмасын ұсынған режиссер Фархат Шарипов танылды.

    Жеңімпаздың қолына сыйлықты ұсына отырып, Асанәлі Әшімов: «Тамаша дебют.  Ең бастысы, енді осы тура жолдан таймау керек» — деді, белгілі актер.

    Ал, Фархат Шәріпов болса, таңғалысын жасырмай, алдыңғы буын, ардақты ағаларына өз алғысын жеткізді.

    «Фильмнің ең үздік көркемдік шешімі» номинациясы бойынша 2009 жылы көрермен назарына ұсынылған «Секер» фильмі жеңіске жетті. Сыйлықты фильмнің режиссері Сәбит Құрманбеков пен фильмнің қоюшы-операторы Ринат Қосай иеленді.

    «Журналистер менің жұмыстарымды, ұлы тұлғалар Шәкен Айманов пен Абдулла Қарсақбаевтың туындыларымен теңестіреді. Мен, үшін бұдан артық мақтау болмас» — дейді, Сәбит Құрманбеков.

    Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ Президенті Ермек Аманшаев жас буын өкілдеріне, кино саласына енді қадам басып келе жатқан талант иелеріне «Жылдың ең үздік авторлық дебюті» номинациясы бойынша сыйлықты тапсырды. Олар «Странник» фильмін ұсынған Талғат Бектұрсынов және «Өзен теңізге құяды» қысқа метрлі фильмнің авторы Жасұлан Пошанов.

    «Мен үшін бүл жүлдені тапсыру үлкен ғанибет. «Қазақфильм» жас таланттарға жол ашады. Бұл, әрине, қуантарлық жағдай. Жүргенев училещесінде қазақ кинематографиясының болашағын құрайтын талантты жастар аз емес. Солардың ішінен суырылып шыққандар, болашақта «Қазақфильммен» бірігіп жұмыс жасайды.» — деді, «Қазақфильм» басшысы.

    «Мұхтар Әуезов. Трагедия триумфатора» атты деректі, тергеу жұмыстарын жасай жүріп түсірілген фильм «Үздік деректі фильм» номинациясы бойынша жеңіске жетті. Фильмнің режиссері Александр Гоовинский.

    «Мен «Қазақфильмге» және өз көмегін аямаған Ермек Аманшаевқа деген алғысымды білдіргім келеді.» — дейді режиссер александр Головинский.

    Сонымен қатар, осыммен төртінші рет өтіп жатқан сыйлықты тапсырудың салтанатты рәсімінде, биыл мерейтойларын атап өткен фильмдер де тысқары қалған жоқ. Қазақ киносының классикасына айналған «Қыз Жібек» және «Атаманның ақыры» фильмдеріне биыл 40 жыл толып отыр. Құрметті атақ пен «Экран шебері-2010» ескерткіш медальдері Асанәлі Әшімов, Меруерт Өтекешова, Құман Тастанбековке тапсырылды. Сонымен қатар, құрметті атақ пен ескерткіш медалі 1990 жылғы «Жоқтау. Өлі теңізді хроникасы» деп аталатын деректі киночерктің режисері Сергей Әзімовқа бұйырды. Кинематографистер Одағы эксперттерінің назарынан журналистер де тысқары қалмады. «Телевизияда кино саласының өркендеуі тақырыбын насихаттаудағы қосқан үлесі» номинациясы бойынша «Кино алаңы» деп аталатын бағдарламаның продюсері Нүргүл Дүсекова мен оператор Болат Нүсипбеков де сыйлыққа қол жеткізді.

    img_2925_th img_2934_th img_2947_th
    img_2987_th img_3016_th img_3036_th
    img_3050_th img_3069_th img_3092_th


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019