• 22.12.2010

    «Мың бала» фильміне жарияланған кастинг аяқталуға жақын қалды

    Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ соңғы онжылдықта қолға алынған ең ірі жобасы, «Мың бала» атты тарихи фильмге жарияланған кастиг өз мәресіне жетті. Бүкіл Қазақстан бойынша кастингке 10 мыңнан астам адам қатысып, түсірілім алаңында өз өнерлерін ортаға салды. Қорытындысында, негізгі алты Сартай, Берік, Сәбит, Азат, Қорлан, және Айсәуле кейіпкерлерінің рөлдеріне актерлер іріктелініп алынды.

    Фильмнің кастинг-директоры Әбдиева Жайнаның айтуы бойынша, қазіргі уақытта эпизодттық рөлдерге актерлерді іріктеу жүріп жатыр.Сонымен қатар, кастинг директоры Жайна кастингтің желтоқсан айының 31-не дейін жалғасатынын айтты.

    Сондай-ақ, Әбдиева Жайнаның хабарлауынша, түсіру алаңдары мен көпшілік қатысатын эпизодтардың түсірілім алаңдары да таңдалып алынған.

    «Қазір түрлі ұлт өкілдерінен құралған эпизодтық рөлдердің актерлерін іздестіру үстіндеміз. Айта кетер жайт, бұл кастинг «Қазақфильм» тарихындағы ең ірі көлемді кастинг болды» — дейді Жайна Әбдиева.

    Сондықтан, кастингке қатысуға сіздің де мүмкіндігіңіз бар.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019