• 19.01.2010

    Сценарлық On-line курсының қатысушыларына сертификаттар тапсырылды

    участники
    сертификат

    2010 жылдың 18 қараша күні Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Сценарлық жоба. Идеядан ұсынуға дейінгі қадам» тақырыбы бойынша On-line оқу курсының қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті.

    Курсты ұйымдастырушылар — Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ және белгілі режиссер Тимур Бекмамбетовтың «Базелевс» кинокомпаниясы. Сертификатты тапсыру рәсіміне Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ дамыту істері жөніндегі атқарушы директоры Ахмет Ілияс және Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ бас редакторы Қосылбеков Дидар қатысты.

    2010 жылдың қаңтар айында 15 апталық курс бойынша байқау жарияланған болатын. Байқауға келіп түскен 70 сұранымнын ішінен 15 сұраным іріктелініп алынып, 1 сұраным шеттетілді. Оқыту on-line тәртібі бойынша UCLA (Лос-Анджелестегі Колифорния Университеті) Крисанти Балис және Том Лазарус ұстаздарымен жүргізілді.

    Ілияс Ахметтің айтуы бойынша, киностудияны дамыту жұмыстарының негізгі бағыттарының бірі — ол жаңа мамандарды оқыту мен арнайы дайындықтан өткізу. Сондай-ақ, Ілияс Ахмет осы іспетті оқыту жұмыстарының алғаш рет ұйымдастырылып отырғандығын және киностудия ұжымы үшін бұл үлкен тәжірибе болғандығын да атап өтті.

    Курсқа қатысушылардың бірі Артем Ганцевтің ойынша, фильмнің өндірістік технологиясы әрине, өте маңызды, алайда, ережесіз әрі тартымсыз жазылған сценарий жобасы еш бір режиссерді, продюсерді, кинокомпанияны қызықтыра қоймайтыны сөзсіз. Курс бізді сценарий жазудың өзіндік қыр-сырларын меңгеруге барынша көмектесті.

    Дипломанттарды құттықтай отырып, Қосылбеков Дидар олардың болашақта шығармашылық тағдырлары «Қазақфильммен» ұштасса деген тілегін жеткізді. Бас редактор Дидар Амантай киностудия әрдайым өркендеу мен даму үстінде екендігін, және бұл жағдай, өскелең ұрпақты қуантпай қоймайтындығына аса назар аударды. Сонымен қатар, Қазақфильмнің бас редакторы курсқа қатысушаларға Тимур Бекмамбетов сынды табысты болуларын тіледі.

    Курсқа қатысушылар:

    Ғалия Байжанова
    Светлана Мищенко
    Нарын Игілік
    Салтанат Дүнгенбаева
    Серік Әбішев
    Дина Махметова
    Шыңғыс Садықов
    Серік Қарақұлов
    Артем Ганцев
    Сейтжан Спанов
    Никита Пац
    Сапар Бейсембин
    Жандос Мамытов
    Александр Медведев



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019