• 11.01.2010

    2011 жылдан бастап кинопрокат жүйесіне түсетін барлық фильмдер мемлекеттік тілде дубляждануы керек

    CA-NEWS (KZ) хабарлауы бойынша

    minkultury

    Бүгін BNews.kz интернет порталында өткен онлайн-конференциясы кезінде Қазақстанның Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед: «2011 жылдан бастап Қазақстанда кинопрокат жүйесіне түсетін барлық фильмдер мемлекеттік тілде дубляждануы керек» — деп, мәлімдеді.

    Бұл заң өз күшіне енді, келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап, барлық прокатқа берушілерден кез-келген фильмнің қазақ тілдегі нұсқасын беруін талап етеміз. Сол кезде ғана біз қазақ тіліне дубляждалған фильмді Қазақстан аумағында көрсетуге рұқсат береміз, — деді, М. Құл-Мұхаммед.

    Министрдің сөзіне қарағанда прокатшыларға екі түрлі талап қойылады.

    «Біріншісі — прокаттық төлқұжатты алу. Прокаттық төлқұжатқа ие болу үшін, екінші талапты орындау шарт. Ол шарт — міндетті түрде фильмнің қазақ тіліндегі дубляжы болуы керек. Қазақ тіліндегі фильм үлкен экрандарға шықпаса да, оның қазақ тілді көрермендерге арналған қазақша нұсқасы болуы шарт, себебі,  біздің еліміздің мемлекеттік тілі — қазақ тілі» — деп, атап өтті министр мырза.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019