• 05.01.2010

    «Қазақфильм» АҚ-ы CNC-мен өзара келісімді орындауға кірісті

    Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ мен кинематография және анимацияның Ұлттық Орталығымен (CNC, Фанция) жасалған кинематографиялық ынтымақтастық жөніндегі екіжақты келісім  Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ өз жұмысын бастады.

    Аталған құжатқа қол қою рәсімі  27 қазан күні Гимэ (Франция) мұражайында Қазақтан Республикасының Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед пен Франция Республикасының Мәдениет және байланыс Министрі Фредерик Меттеранмен кинематография саласындағы ынтымақтастық Келісіміне қол қою барысында жүзеге асты. 

    Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ мен CNC арасындағы өзара Келісім шеңберінде екі жақ төменде көрсетілген қызметтер бойынша ортақ уағдаластыққа келді:

    1. Екі елдің кинофестивальдеріне қатысу мүмкіндігі;
    2. Киноиндустрияның заңнамалық базасын,  «Кино туралы » Заң тармақтарын дамыту барысында өзара ақпарат пен тәжірибе алмасу;
    3. Бірлескен жобаларды өндіру және жобаларды әлемдік нарыққа шығару;
    4. Екі елдің  кинематографиялық жетістіктерін сақтау мен ынталандыру мәселеріндегі ынтымақтастықты нығайту;  фильмдер қорын құруда ақпаратпен алмасу;
    5. Кинематографиялық және аудиовизиуалды шығармалардың Заңсыз таратылымымен күрес мәселесінде екі елдің күшін нығайту.

    Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ Президенті Ермек Аманшаевтың мәлімдеуінше, —  «Бұндай келісімге қол қою — француз кинемтографиясымен  тікелей ынтымақтастықты қалыптастырудағы негізгі қадам.  Еуроппаның ірі кинематография қорымен жасалған бұл келісім, Қазақстанның тәуелсіздік алғанынан бергі  кино жайындағы алғашқы құжаты болып табылады.» Сонымен қатар,Ермек Аманшаев Францияның кинематография және анимация Ұлттық қорының бас директоры Анна Дюрипти ханыммен кездесу барысында, былайғы іс-әрекеттер бағдарламасын бірлесіп жасау жөнінде өзара шешімге келгендерін де атап өтті.

     

    Франция кинематографиясының Ұлттық Орталығы (Centre National de la Cinematographie — CNC)

    Мәдениет және байланыс Министрлігінің қарамағындағы қоғамдық мекеме. CNC қызметіне: заңнамалық және регламентациялық мәтіндерді жасау, өндіріске қажетті қаражаттың рұқсаттамасы мен бейненің сатылымға және прокатқа шығуы, кино өндірісі және тарату кезінде немесе қайтарма кепілдігі мәселесі жөнінде киноға қаржылық қолдау көрсететін қорларға басшылық ету (кинотеатрлардағы жинақ мөлшері 11 пайыз), кино секторын қолдау, мұрағатты басқару, зерттеу мен статистика жұмыстарын жүргізу.

    Құрметпен,
    Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ Баспаөз қызметі
    +7 (727) -313-11-32



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019