• 01.01.2010

    Джон Малкович және Майкл Фитцджеральд «Қазақфильм» киностудиясында келді

    2010 жылдың қазан айының 28 жұлдызында «Қазақфильм» киностудиясында Екінші Қазақ-Американ кинофестивалі шеңберінде қазақстандық кино жұлдыздары мен голливуд өнерпаздарының шығармашылық кездесуі өтті. Өнер адамдарының басқосуы белгілі актер, режиссер, продюсер Джон Малкович («Подмена», «После прочтения сжечь» және т.б.) және продюсер Майкл Фитцджеральд («Мудрая кровь», «У подножья вулкана», «Трое похорон Мелькадеса Эстрады»), режиссер Ермек Шынарбаев, режиссер Сатыбалды Нарымбетов, актриса Жаннат Қуанышева, продюсер Гүлнәр Сәрсенова, сонымен қатар жас актриса Қарлығаш Мұхамеджанова мен Әсел Сағатова, Лермонтов атындағы драма театрының актерлары және киностудия қызметкерлерінің қатысуымен өтті.

    Кездесу барысындағы аңгіменің негізгі арқауы Қазақстанның, дәлірек айтқанда «Қазақфильм» киностудиясының мемлекеттік субсидияның отандық кинематографқа енгізіп, оны қолдану тәжіребиесі төңірегінде болды.

    Майкл Фитцджеральдтың мәлімдеуінше «Осыдан бес жыл бұрын Америкада басқа мемлекеттерге қарағанда кино түсіру әлдеқайда жеңіл болатын. Алайда, бүгінгі күні жағдай біршама өзгеріп, Америкада кино түсіру қиындай түсті. Мемлекет тарапынан кино саласына мемлекеттік субсидия қажеттігі айқындалып келеді, сол себептен бізді мемлекеттік киностудиялардың, соның ішінде «Қазақфильм» киностудиясының тәжіребиесі қызықтырады.»

    Джон Малкович өз кезегінде бүгінгі таңда кинематография саласының дамуы мен өркендеуі мемлекеттік қаржыландырусыз қиынға соғатынын Голливудтың да мойындап отырғандығын атап өтті.

    Продюсер Гүлнәр Сәрсенова журналистер қауымын бүгінгі күні Голливуд жұлдызы Джон Малковичтің қазақстандық киножобалардың біріне қатысуы жөнінде келіссөздер жүргізіп жатқандығынан хабардар етті. Ал Джон Малковичтің бұл ұсынысқа берер жауабы: «Қазақстан мен үшін осы уақытқа дейін жұмбақ өлке болды, сондықтан қызығушылығым арта түсті. Енді міне, Қазақстанға жолым түсті.»

    Кездесу барысында шетелдік қонақтар Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясын аралап, жаңа сандық техникамен жабдықталған кешеннің жұмысымен танысты.



    Малкович Малкович
    Малкович
    Малкович
    Малкович
    Малкович
    Малкович
    Малкович
    Малкович


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019