• 30.06.2010

    Астана — махаббатым менің!

    picture_6_bonus_11 шілде, сағ. 21.30-да «Хабар» телеарнасында 2010 жылдың көптен күткен «Астана — махаббатым менің» атты телесериалының премьерасы өтеді.

    «Астана — махаббатым менің!» сериалының премьерасы туралы әрбір қазақстандық осы теледидар мен радиодан, газеттер немесе журналдардан және интернеттің көптеген әлеуметтік желілерінен білген болар.

    margankemalЖоба БАҚ-та ерекше қызығушылық тудырды және мұның өзі кездейсоқ емес: бұл заманауи жоғарғы кәсіби техникалық жетістіктер мен мүмкіндіктерді пайдалана отырылып түсірілген 12 сериялық алғашқы қазақстандық-түріктік сериал. Жобаға қазақстандық және түркиялық жас актерлер де, екі елдің көпшілікке танымал жұлдыздары да қатысты.

    Телесериалдың продюсер қазақстандық жетекші продюсерлердің бірі Гүлнар Сәрсенова. Ол өзін әлдеқашан-ақ киноның ең биік деген шыңдарын бағындырған адам ретінде танытқан. Енді, міне, оның жаңа жетістігі және бұл жоба туралы оның өзі былай дейді:: «Біз өзіміздің астанамыз бен өз кейіпкерлеріміздің бүкіл сұлулығын көрсете білдік».

    Алайда «Астана — махаббатым менің!» қаланың жетістіктерінің тарихы мен ерекше, дара сәулеті туралы ғана фильм емес. Бұл, ең алдымен, адамдардың, тағдырлары заманауи қалада тоғысқан қызықты адамдардың тарихы.

    «Бұл – бала кезінде айттырылып, тағдыр жазуымен бір-бірінен ажырап қалған ғашықтар туралы түркі аңызының hi-tech нұсқасы болып табылатын, драмалық бұралаңдары мол, заманауи урбанистік ертегі – мелодрама, — дейді жоба туралы «Астана — махаббатым менің!» фильмінің режиссері, қазақстандықтарға «Кек», «Қиылыс» сынды керемет фильмдерімен танымал Ермек Шынарбаев. Қазақстанда да, Түркияда да белгілі бұл аңыз - «тарихтың басты көзірі» деп есептейді режиссер.

    Телехикаяда басты рольдердің бірін ойнаған актриса Гүлнар Дұсматованың айтуынша: «Сериал Қазақстанда ғана қызғылықты болып қана қалмайды: өйткені онда бәрі: көрерменнің көз жасын төктіріп, күйіндіретін қайғы да, сүйіндіретін қуаныш та бар».

    1 шілдеде «Хабар» телеарнасында  телехикаяның орыс тіліндегі көрсетілімі басталады. Тамыз айында қазақ тіліндегі толық нұсқасын көрсету жоспарланып отыр, ал, күзде «Астана — махаббатым менің!» фильмін түрік көрермендері де тамашалайды, сериал түріктің жетекші телеарналарының бірінде көрсетілмекші.

    «Қазақфильм» киностудиясы «Астана — махаббатым менің!» жобасымен халықаралық деңгейдегі жоғарғы деңгейлі кино жасауда өте үлкен де маңызды қадам жасап отыр. Және де бұған көрермендер лайық бағасын береді деген үміттеміз.

     DSC_9926  
    8-serija---kad  
    ep6-001
     
     IMG_4217    IMG_4229    IMG_4231  


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019