• 31.10.2011

    ҚОЖА 60-та

    IMG_2046_small.JPG28 қазанда «Менің атым Қожа» фильмінде басты рөлді сомдаған Нұрлан Санжар 60 жылдық мерейтойын атап өтті. Нұрлан Санжар кино әлеміне 1963 жылы не бары 12 жасында келді. Оның өмірін күрт өзгертіп, актерлік шеберлікпен таныстырған қазақтың танымал режиссері Абдолла Қарсақбаев еді.

    Мен №33 мектепте оқыдым. Бұрыңғы киностудия жолдың арғы шетінде еді. Сабақтан шығып, әдеттегідей, қыздардың шашын тартып ойнап жүрген едім. Кенеттен бір ағай маған «Балақай, бері келші» деді. Мен қорқып қашып кеттім. Алайда қыздар менің осы мектепте 5 «в» сыныбында оқитынымды айтып беріпті. Келесі күні сол ағай мектепке келіп, мені кастингке шақырды, содан бері кинода қалдым, - деді кеш иесі.

    Біз алты ағайындымыз: мен, Нұрлан Санжар, Досхан Жолжақсынов, Гүлнәр Дұсматова, Болат Қалымбетов және Қырғызстанның халық әртісі Әшір Чокубаев. Өйткені, кинодағы әкеміз бір, ол-Абдолла Қарсақбаев. Нұрлан үлкеніміз, себебі киноға бірінші келді. Мен оған зор денсаулық, шығармашылық табыстар тілеймін, - деді Қазақстан Республикасының халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иесгері Нұржұман Ықтымбаев.

    Көшеде танып жатқан кейбір ата-аналар «Бұл Қожа» деп, мені балаларына көрсетіп жатады. Ал олар болса, «Қожаның жас еместігін көріп», сенбестен маған қарап қалады. Жақында ғана троллейбустың кондукторы мені танып, баршаға жар салып, тіпті менен ақша алмады,-деді Нұрлан Санжар.

    Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті Ермек Аманшаев қазақ кинематография саласында актердың алатын орны ерекше екенін атап өтті. ҚР Мәдениет Министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед пен Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің құттықтауын жеткізген киностудия басшысы кеш иесіне шапан жапты. Сонымен қатар туған күн иесін құттықтауға актердың достары мен әріптестері келді, ал Қазақстан Кинематографистер Одағы Нұрлан Санжардың омырауына «Экран шебері» медалін тақты.

    Бүгінгі күні Нұрлан Санжар көптеген кітаптардың, көркем және деректі фильмдердің авторы, Қазақ Ұлттық Университетінің ұлағатты ұстазы. 2010 жылдан бері Нұрлан Санжар Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында көркем фильмдердің редакторы қызметін қоса атқарып жүр.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019