• 24.10.2011

    Алматы қаласында «Обай бастауы» деректі фильмнің тұсауы кесілді

    22 қазанда «Cinema towers» кинотеатрында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ мен «Жаңа ғасыр» студиясы бірлесіп шығарған режиссері Жаңабек Жетіруовтың «Обай бастауы» фильмінің тұсаукесері өтті.

    Кинокартинада Қазақстан Республикасының халық әртісі, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының директоры және көркемдік жетекшісі Есмұхан Обаевтың өмірі мен қызметі туралы баяндалады. Фильм басты кейіпкердің естелігінен құралған, сонымен қатар ол туралы оның жақындары мен достары сыр шертеді.

    Фильмнің режиссері Жаңабек Жетіруов 40-тан астам деректі фильмдерді, олардың ішінде көптеген биографиялық туындыларды түсірген. Тұсаукесер рәсімінде сөз сөйлеген режиссер картинаның басты кейіпкерімен жұмыс істеген үлкен ғанибет екенін атап өтті. Тұсаукесерге еліміздің қоғам жіне өнер қайраткерлері де қатысты.

    1

    1

    1

    1

    1



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz

  


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019