• 27.09.2011

    «Киношок» фестивалінде «Риэлтор» және «Жиде. Кеш келген махаббат» фильмдері марапатталды

    Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы шығарған режиссері Әділхан Ержановтың «Риэлтор» фильмі «Киношок-2011» кинофестивалінде қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды.

    - «Киношок» фестивалінде қандай да бір жүлдеге қол жеткізетініме сенбедім, сондықтан өте қуаныштымын,- деді фильмнің режиссері Әділхан Ержанов.

    Фестивальдің марапаттау кешіне фильмнің продюсері Серік Әбішев қатысып, жүлдені өз қолымен алды. Сонымен қатар,  Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы шығарған режиссері Сәбит Құрманбековтың «Жиде. Кеш келген махаббат» фильмінде  басты рөлдерді  сомдаған Нұржұман Ықтымбаев пен Наталья Арынбасарова «Киношок-2011» фестивалінде «Ең үздік ер адам рөлі» және «Ең үздік әйел рөлі» номинациялары бойынша үздік деп танылды. 

    Естеріңізге сала кетсек, ТМД, Латвия, Литва және Эстония елдерінің «Киношок» фестивалі  1992 жылдан бастап Анапа қаласында өткізіледі.      

    IMG_22491.JPG

    IMG_22541.JPG

    kinoshock-2011_close_b_25.jpg

    kinoshock-2011_close_b_27.jpg

    kinoshock-2011_close_b_28.jpg

    kinoshock-2011_close_b_36.jpg

    kinoshock-gostagai_b_10.jpg

    kinoshok-2011_1.jpg

    kinoshok-2011_22.jpg

    Фотографии - www.kinoshock.ru



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019