• 26.09.2011

    VII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

    Алматы қаласында  еліміздің мәдени өміріндегі ең ауқымды шара - VII халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтті. Қыркүйек айының 19 мен 23 аралығында киносүйер қауым Еуропа, Азия және ТМД елдері режиссерлерінің 12-ге жуық авторлық картиналарын тамашалады.

    «Еуразия» кинофестиваліне  голливудтың танымал жұлдыздары:  Джон Кьюсак, Сигурни Уивер, Настасья Кински мен Нед Беллами және  режиссер Чак Рассел қатысты. Сонымен қатар  қызыл кілемнің үстінен ресейлік актерлар  Владимир Еремин, Вадим Колганов, Елена Корикова және  Сергей Астахов өтті. Салтанатты ашылудан кейін Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ және «Бәйтерек» НПЦ, PS TVС студиясымен бірлесе  түсірген Егор Михалков-Кон­чаловскийдің «А»-ға оралу» фильмі көрсетілді.

    «Еуразия» кинофестивалі аясында өткен ең маңызды іс-шараларының бірі - «Қазақстан киножобалар нарығы».  Қазақстан бойынша сынға түскен  65 жобаның 8-і  іріктеп алынды, олардың көбісі дебюттер. Халықаралық сараптамалық кеңес үздік үш  сценарийді анықтады. Олар Әділхан Ержанов, Талғат Бектұрсынов және Эмир Байгазиннің жұмыстары. Жеңімпаздар   «Қазақфильмнің» қолдауымен шетелдік кинематографистермен тәжірибе алмасып, олардың кино түсіру әдістерін меңгеретін болады.

    Сондай-ақ  фестиваль шеңберінде өткізілген «Елеулі оқиға» бағдарламасы бойынша бірнеше кинотуындылар көрсетілді. Көрермендердің ерекше ықыласына бөленген «Еуразия» кинофестивалі қазылар алқасының төрағасы режиссер Ким Ки Дуктың «Ариранг» фильмі және қазылар алқасының келесі мүшесі режиссер Рүстем Әбдірашевтің  «Балалық шағымның аспаны» филімі. Сонымен қатар бұл бағдарлама аясында Сламбек Тәуекелдің «Жерұйық», Карлос Саураның «Фламенко, фламенко» және Зезе Такахисаның «Райская история» фильмдері көрсетілді.

    Кинофестиваль шеңберінде негізгі конкурстық бағдарламасынан тыс, «Қарқынды түрде  дамып келе жатқан отандық кино» бағдарламасында  соңғы жыл ішінде түсірілген қазақстандық фильмдердің көрсетілімі өтті. «Виртуалды Батыс» бағдарламасында қазылар алқасының мүшесі Жиль Маршан «Қара аспан» фильмі және Ларс фон Триердің  аты шулы «Меланхолия» фильмі көрсетілді. Ал «Өзгермелі Шығыс» бағдарламасы бойынша шығыс елдерінің  бүгінгі қоғамның өзекті мәселелерін баяндайтын  Иорданиялық «Капитан Абу Раед» және Палестинаның «Лейланың туған күні» фильмдері көрсетілді.

    «Еуразия -2011» кинофестивалі қазылар алқасы - аты аңызға  айналған кәріс режиссері Ким Ки Дук, РФ халық әртісі, режиссер Владимир Хотиненко, француз режиссері, әрі сазгер Жиль Маршан, Жапон режиссері  Йоити Сай және қазақстандық режиссер Рустем Әбдірашев   ұзақ ақылдасудан соң бір шешімге келіп, VII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің жеңімпаздарын анықтады.

    «Еуразия» кинофестивалінің бас жүлдесінің иегері - «Перед грозой» фильмі (Жапония-Қазақстан), режиссерлары Сано Синдзю мен  Ерлан Нұрмұхамбетов;
    «Ең үздік режиссер»  – «Шуақты күндер» (Қазақстан) фильмінің режиссері Нариман Төребаев;
    «Ең үздік ер адам рөлі»   – «Вулкан» (Исландия) фильмінде сомдаған актер Теодор Жулиоссон, режиссері Рунар Рунарссон;
    «Ең үздік әйел  рөлі»  – «Бедуин» фильмінде сомдаған актриса  Ольга Симонова  (Ресей), режиссері Игорь Волошин.

    Сонымен қатар   ФИПРЕССИ және НЕТПАК  киносыншыларының қазылар алқасы халықаралық қазылар алқасымен тең жұмыс жүргізіп,  жеңімпаздардың тізімін жариялады.

    ФИПРЕССИ қазылар алқасының жүлдесі  – «Бусонг» (Филиппины), режиссері Ораус Солито;
    НЕТПАК қазылар алқасының жүлдесі – «Қорғасын» (Өзбекстан), режиссері Зүлфикар Мұсаков;

    VII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің жабылу салтанаты 23 қыркүйекте өтті,  бұл мерекелік кешке голливудтың атақты актрисасы  Сигурни Уивер қатысты.

    1.JPG

    2.JPG

    3.JPG

    4.JPG

    5.JPG

    6.JPG

    7.JPG

    8.JPG

    9.JPG

    10.JPG

    11.JPG

    12.JPG

    13.JPG

    14.JPG

    15.JPG

    16.JPG

    17.JPG

    18.JPG

    19.JPG



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019