• 31.08.2011

    ҚР Президенті ««А»-ға оралу» («Возврашение в «А»») фильмін тамашалады.

    27 тамызда Астана қаласында «Керуен» сауда-ойын-сауық орталығында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген ««А»-ға оралу» атты жаңа қазақстандық көркем фильмді тамашалады.

    - Ауған соғысы бізге, қазақстандықтарға, қажеті жоқ еді. Бірақ солай болды. Жастарымыздың көбінен айрылдық, көбі мүгедек болып қалды. Оларды ұмытпай, тарихты есте сақтау үшін, жастарға бұл өте өнеге болатын фильм, - деді Елбасы.  

     Алғашында фильмнің бірнеше жұмыс атауы болған: «Афганец», «Қара майор», «Нағыз полковник». Соңында ««А»-ға оралу» деп бекітілді. «А» нені білдіреді  деген сұрақтар жиі қойылады.  

    Фильмді түсірер алдында картинаның түсіру тобы Ауған соғысы жайында көптеген деректі фильмдерді тамашалады. Солардың бірінде 1979 жылы 12 желтоқсанда Л.И. Брежнев төрағалық еткен жабық отырысы баяндалады. Бұл кездесуге   сонымен қатар             М. А. Суслов, Д. Ф. Устинов, К. У. Черненко, Ю. В. Андропов және басқа да саяси тұлғалар қатысты. Ауғанстан жеріне әскерлерді жіберу  дәл осы тұста шешіліп, КПСС ОК N176/125 құжатына  «А»-ға қатысты» деген құпия қаулы бекітілген болатын.   Уақыт өте бұл құжаттың сыры ашылды.  

    Фильм шынайы оқиғаға негізделген. Картинада Ауғаныстан соғысындағы аты аңызға айналған танымал Қара-майордың өмірі суреттеледі.

    Картинаның режиссері танымал кинорежиссер   Егор Кончаловский. Сценарий авторлары Владимир Моисеенко және Александр Новотоцкий-Власов.  Басты рөлдерді сомдаған актерлар:  Сейдолла Молдаханов, Берік Айтжанов, Денис Никифоров, Карлығаш Мұхамеджанова, Иван Жидков, Андрей Шибаршин, Аша Матай, Арман Әсенов, Фархат Әбдірайымов, Гоша Куценко, Гүлнара Досматова, Наталья Арынбасарова, Сергей Векслер, Жанель Мақажанова, Григорий Антипенко.

    dsc_7371.jpg dsc_7372.jpg

    20110829110122.jpg

    Фото: ИА "Казинформ"



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019