• 24.08.2011

    «Риелтор» және «Жиде. Кеш келген махаббат» фильмдері «Киношок» фестивалінде бақ сынайды.

    logo.jpg11 мен 20 қыркүйек аралығында Анапа қаласында ТМД, Латвия, Литва және Эстония елдерінің ХХ «Киношок-2011»  кинофестивалі өтеді. Фестивальдің негізгі бағдарламасына Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген екі бірдей фильмдер қатысатын болады. Олар: режиссер Әділхан Ержановтың  «Риелтор»  және режиссері Сәбит Құрманбековтың «Жиде. Кеш келген махаббат» фильмдері.

    -Менің ойымша, «Риелтор» фильмі фестивальдің  форматына сай түсірілген фильм.  «Киношок» - бұл Ресейдің ең ауқымды алдыңғы қатардағы фестивальдің бірі, әрі бағыты жағынан  маған жақын.   Ең алғаш бұл фестивальге мен 2009 жылы қатыстым. Ол кезде  дипломдық қысқаметражды «Қаратас» фильмін ұсынған болатынмын,-деді «Риелтор» фильмінің режиссері Әділхан Ержанов.

    «Жиде. Кеш келген махаббат» фильмінің режиссері Сәбит Құрманбеков болса атлмыш фестивальге осымен екінші рет қатысып отыр екен. 2006 жылы оның «Трасса» фильмі «Киношоктың» конкурстық бағдарламасына қатысып, көрермендер мен сыншылардың жақсы бағасына ие болды.

    - «Жиде. Кеш келген махаббат» фильмі – бұл халыққа арналған лирикалық комедия. Басты тақырыбы – жасқа  қарамайтын махаббат. Басты рөлдердің бірін Жерар Депардье сомдаған біздің фильм, фестиваль көрермендері мен қазылар алқасының көңілінен шығады деп сенемін, - деді режиссер.

                Фестивальға қатысатын барлық  фильмдер 5 байқау бойынша бақ сынайды: негізгі конкурстық бағдарлама, «Неформат», «ТВ-Шок» (толықметражды көркем фильмдер үшін), «Границы шока» (қысқаметражды фильмдер үшін), «КиноМалыШок» (балаларға арналған көркем және анимациялық фильмдер үшін). Сонымен қатар фестиваль аясында ең үздік бірлескен киножоба байқауы, шығармашылық кездесулер, дөңгелек стөлдер мен конкурстан тыс фильмдердің көрсетілімі өткізіледі.

                Фестивальдің қазылар алқасының құрамында: жазушы  Виктор Ерофеев, театр  режиссері Роман Виктюк,  Пушкин атындағы  ГМИИ директоры  Ирина Антонова, ақын  Андрей Битов, жазушы  Владимир Маканин, театр және кино суретшісі  Павел Каплевич, режиссер Владимир Досталь және  музыкатанушы  Святослав Бэлза болады.

                «Киношок» фестивалінде «Риелтор» фильмін таныстыратын продюсері Серік Әбішев пен дыбысрежиссері Александр Сухарев. Ал «Жиде. Кеш келген махаббат» фильмін Ресей көрермендеріне таныстыратын картинаның режиссері Сәбит Құрманбековтың өзі және режиссері Сергей Әзімов.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019