• 22.07.2011

    Кристанна Локен мен Никита Преняковпен баспасөз-конференциясы

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    Бұл шараға Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ даму жөніндегі басқарушы директоры Ілияс Ахмет, «MG Production» компаниясының бас продюсері Ернар Маликов, сондай-ақ актерлар-голивудтың танымал актрисасы Кристанна Локен («Терминатор-3», «Бладрейн»), Никита Пресняков («Индиго», «Елки») және  Санжар Мадиев («Сказ о розовом зайце») қатысты.

    - Бұл жоба туралы мен актер Марк Дакаскостан естідім. Ол Қазақстанда бірнеше рет болған. Осы мемлекет туралы, киножобалар мен сіздердің дәстүрлеріңіз жайында жиі әңгімелеп беретін. Енді міне, мен де киножобаларыңызда түсетін боламын,-деді Раш есімді зұлым кейіпкердің рөлін сомдайтын Кристанна Локен.

    Фильмнің продюсері картинаның экшн-жанрында түсірілгені, ондағы каскадерлік шеберлік пен паркурдың кездесетіні атап өтті.

    -Фильмдегі ұрыс-шайқас қойылымдарды  Игорь Цай басшылығымен  «Кун-до» компаниясы қойды. Сонымен қатар бізбен бірге танымал каскадер Александр Терехов жұмыс істейді,-деді Ернар Маликов.

    Фильмнің басты кейіпкерінің бірі полиция қызметкерін сомдайтын Санжар Мадиев өз ойын білдірді:

    - Біздің жоба туралы айтар болсам, «Идентификация Борна» фильміне ұқсастығы бар.  Фильмдегі шапшаң қозғалыс Борннан алынған, ал басты кейіпкер Ларго Винчқа ұқсайды. Алдын ала голивудтың фильмдерін  көріп алдым. 

    Кристанна Локен, Никита Пресняков пен Санжар Мадиев фильмдегі айла-әрекеттерді , соның ішінде су астындағы шайқасты өздері орындағаны жөнінде  айтты.

    - Паркурмен айналысқаныма 3 жыл болды. Сондықтан да фильмдегі қозғалыстарды өзім жасадым,-деді Зак есімді хакердің рөлін сомдаған Никита Пресняков.

    Продюсердің айтуына қарағанда, фильм 2012 жылдың мамыр айында көрермендерге жол тартатын болады. Сонымен қатар, Ресей кинотеатрларынан көрсетілу жоспарда бар.

    img_4243 img_4258 img_4272
    img_4229 img_4235  img_4268


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019