• 31.05.2011

    Астанада «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Жерұйық» көркем фильмінің тұсаукесері өтті

    «Хабар» агенттігі

    Астанадағы «Қазақстан» орталық киноконцерт залында «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Жерұйық» көркем фильмінің тұсаукесері өтті.

    Өткен ғасырдың 30-40-шы жылдары саяси қуғынға ұшырап, Еуразия құрлығының батысы мен шығысынан жер аударылып, қазақ жеріне келген сан алуан ұлт пен ұлыстардың тағдыры бейнеленген туынды, маусымның 2-інен бастап еліміздің барлық өңірінде көрсетіле бастайды. Фильм, 1937 жылы Қиыр Шығыстан жер аударылып, Алматы облысының Үштөбе ауылында өскен Лаврентий Сонның балалық шағы туралы естелігі негізінде түсірілген. Басты рөл Орынбай ақсақалдың бейнесін сомдаған актер Болат Әбділмановтың айтуынша, азып-тозып келген халықтарды бауырына басып, бір үйінің бұрышын, бір күлшесінің жартысын берген қазақ халқының дархан пейілі, кеңдігі мен жомарттығы, парасаттылығы фильмде айқын көрсетілген. Фильмнің режиссері Сламбек Тәукел, шындыққа жақынырақ болуы үшін, әр ұлттың өкілдерін, сол ұлттың актерларына ойнатқан. Осы мақсатпен, Оңтүстік Кореядан, Әзірбайжаннан, Шешенстаннан мен Қырғызстаннан арнайы актерлар шақырылған.

    Болат Әбділманов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:

    — Осыдан біраз жыл бұрын, Елбасы киногерлермен кездескен кезде, халықтар достығы туралы фильм түсіру жөнінде ой тастаған болатын. Сол ойды іліп әкетіп, «Қазақфильм» киностудиясы, Мәдениет министрлігі осындай киноның тууына себепкер болды. Жалпы шынында да осындай бір үлкен кино түсіру, үлкен бір демеушілік, ұйымдастырушылық қабілет, яғни, осындай бір қолдаумен болмаса, мұндай кино түсіру қиын, әрине. Сондықтан, осы Қазақстан мемлекетіне, Мәдениет министрлігіне, киногерлердің атынан, кино жасаушы топтың атынан үлкен рахметімді айтқым келеді. 



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019