• 25.05.2011

    Сламбек Тәуекелдің «Жерұйық» фильмінің баспасөз өкілдеріне арналған көрсетілімі өтті

    24 мамыр күні Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ режиссер Сламбек Тәуекелдің «Жерұйық» атты көркем фильмі журналистер қауымына арнайы көрсетілді. Фильм Т аяу Шығыстан, Кавказдан, Поволжья елдерінен қазақ жеріне күштеп жер аударған халықтардың қиын-қыстау кезеңін бейнелейді.

    Режиссер Сламбек Тәуекелдің айтуы бойынша фильмнің сценариі Лаврентий Сонның корей халқының қазақ жеріне депортациялануының 60-жылдығына орай жазылған «Память» деп аталатын пьесасының негізінде түсірілген.  Сондай-ақ, фильм Лаврентий Сонның балалық шағынан сыр шертеді. Фильмнің басты кейіпкері Орынбайдың (актер Болат Әбділманов сомдады) прототипі ретінде Л. Сонның туып-өскен ауылының колхоз төрағасы алынды.

    — Бұл өзінің жеткен жетістіктеріне, беделіне қарамастан, танытқан белсенділігі үшін өмірде көп азап шеккен адам. Бірақ, дәл осындай адамдардың арқасында, өзгенің қайғысына ортақтасып, бей-жай қарамайтын қарапайым қазақтың арқасында көшіп келген көптеген ұлт өкілдерін ажал аузынан аман қалды.Олардың қазақ халқының бір бөлігіне айналуына осындай адамдардың көп септігі тиді — деп, журналистер қауымымен сценарий авторы ой бөлісті.

    Фильмді тамашалаған тілшілер қауымы фильмнен жақсы әсер алғандарын жасырмады. Киносыншы, «Известия Казахстан» газетінің тілшісі Галина Леонова тіпті фильмді мектеп бағдарламасына қосу керектігін сөз етті.

    «Біздің балаларға осындай достық, мейірімділік сынды міңгілік тақырыптарды тілге тиек ете отырып, шынай тарихты бейнелейтін фильмдер қажет-ақ.» — деді, Г. Леонова.

    Фильмнің тұсаукесер рәсімі Астана қаласында саяси қуғын-сүргінге ұшыраған құрбандарды еске алу күнінің қарсаңында 30 мамыр күні «Қазақстан» ОКЗ өтеді.Ал Алматыда — 1 маусым күні «Арман» кинотеатрында өтеді.

    Кино мамандары фильмді түсіру барсында жинақталған материалдарды екі сағаттық фильмге сыйдыру мүмкін емес болғандықтан, болашақта 12-сериялы телехикая түсіруді жоспарлап отыр.

    Жеруик Жеруик Жеруик
    Жеруик Жеруик  


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019