• 31.03.2011

    «Мың бала» атты тарихи фильмнің түсірілімі басталды

    Соңғы онжылдықтағы ең ірі «Мың бала» атты тарихи киножобаның түсірілімі басталды. Фильмнің режисері Ақан Сатаев. «Мың бала» Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ мен «Новый киноформат» кинокомпаниясының бірлескен жобасы.

    Жоңғар шапқыншылығына қарсы Отанын қорғауға бел буған қазақ бозбалаларының ерлігін бейнелейтін бұл фильмнің кастингі республикалық көлемде жүрді. Кастинг директоры Жайна Әбдиеваның айтуы бойынша, нәтижесінде, кастингке 22 мың 200 адам қатысып, басты рөлді сомдайтын алты кейіпкер іріктелініп алынды. Олар: Сартай, Берік, Сәбит, Азат, Қорлан, Айсәуле.

    Сюжет желісі бойынша, басты кейіпкер — Сартай, өзінің тым жас болғанына қарамастан, ержүректілігі мен қайсарлығының арқасында мыңдаған қатарластарынан әскерді жасақтайды. Өз жақындарынан айырылып, алғашқы махаббаттың лүпілі мен шынайы достықтың сырын ашып үлгерген Сартайдың жан-жүрегі оттай лаулап, жанып тұрған шақта өз елінің һас батыры атанады.

    Режиссер Ақан Сатаевтың айтуына қарағанда, түсірілім 4 насанда өтеді. Алғашқы түсірілім күндері Шарын шатқалында өтсе, кейіннен Қапшағайға, Қапал-Арасан мен Үлкен Алматы көліне бет бұрады. Бүгінгі түсірілімге басты кейіпкердің батырлармен кездесуі жоспарланған.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019