• 05.03.2011

    Алматы Төрегелді Шарманов туралы фильм көпшілік назарына ұсынылды

    5 наурыз 2011 жылы «Цезарь» кинотеатрында «Қазақстанның жаңа деректі фильмдері» фестивалінің шеңберінде Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының ұсынуымен режиссер Бақыт Қайырбековтың «Төрегелді Шарманов — Ел азаматы» атты фильмі көрерменге жол тартты.

    Фильмді есімі бүкіл әлемге танылған белгілі қазақстандық ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор Қазақ тағамтану Академиясының және профилактикалық медицина Академиясының президенті, көптеген жүлделер мен марапаттаулардың иесі, сонымен қатар Леон Бернард атындағы БДМ жоғарғы медалінің иегері Төрегелді Шарманов пен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті Ермек Аманшаев, фильмнің режиссері Бақыт Қайырбеков таныстырды.

    «Осы фильмді жасау барысында менің ой-пікірімді алға тартып, тіпті, менің еркелігімді де көтерген киностудияға алғыс айтамын» — деді, Төрегелді Шарманов.

    Ғалым Төрегелді Шарманов фильм режиссер Бақыт Қайрбековтың (Белгілі ақын Ғафу Қайырбековтың ұлы) бойындағы талантының арқасында ерекше сәтті шыққандығын атап өтті.   

    «Алып мақсат қашанда үлкен тәуекел» дейді Шарманов. Алайда, тәуекелге бел бумасаң, тағдардың да болмауы мүмкін. Мен өз тағдырыма ризамын. Бұл ойым фильмде өз айғағын табар. Осы фильмнің түсіріліміне ат салысқан, көрсетілімге келген барша қауымға рахмет айтамын.

    Барша әйел қауымын келе жетқан мерекелерімен құттықтай отырып, көрермендерді ертеңгі Сәбит Оразбаев жайында түсірілген фильмнің тұсау кесер рәсіміне шақырды.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019