• 03.07.2012

    «Аққыз» фильмі үнді кинофестивалінде бақ сынайды

    Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген режиссер Жаңабек Жетіруовтың «Аққыз» фильмі 2012 жылдың 27 шілде мен 5 тамыз арадығында Нью-Дели қаласында өтетін «Osian's-Cinefan» атты үнді, азия және араб елдерінің киноларына арналған фестивальге қатысады.

    Фестиваль бағдарламасы аясында ең үздік азия, араб және үнді фильмдері көрсетілетін болады. «Аққыз» фильмін фестиваль қонақтарына таныстыратын картинаның режиссері Жаңабек Жетіруов пен басты кейіпкерлердің рөлін сомдаған актерлар – Айжан Жетіру және Алдабек Шалбаев.

    Естеріңізге сала кетсек, «Аққыз» фильмі өткен жылдың қараша айында Таллин қаласында өткен XV «Темная ночь» кинофестивалінің негізгі конкурстық бағдарламасына қатысқан болатын. Ал режиссердің «Дүниежарық» атты алғашқы кинотуындысы көптеген халықаралық фестивальдерде жүлделі орындардан көрінген.

    2002 жылы «Osian's-Cinefan» фестивалінде режиссер Серік Апрымовтың «Үш ағайынды» фильмі «Ең үздік фильм» номинациясында жеңімпаз атанған болатын.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019