• 18.05.2012

    Канн кинофестивалінде «Студент» және «Жаужүрек Мың Бала» фильмдерін халықаралық дистрибьюторлар сатып алды

    Кеше, 17 мамырда осымен 65-ші рет өткізіліп отырған Канн кинофестивалінде Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ шығарған екі бірдей туындының көрсетілімі өтті. Оның бірі фестивальдің «Ерекше көзқарас» бағдарламасы («Un Certain Regard») аясында көрсетілген режиссер Дәрежан Өмірбаевтың «Студент» фильмі болса, екіншісі Канн кинофестивалінің кинонарығында ұсынылған Ақан Сатаевтың «Жаужүрек Мың Бала» фильмі болды. Көрсетілімнен кейін халықаралық дистрибьюторлар «Қазақфильм» киностудиясының аталған туындыларын әлемдік прокатқа шығару үшін бірден сатып алуды ұсынды. Осылайша, «Студент» фильмін «Media Luna New Films» атты неміс компаниясы, ал «Жаужүрек Мың Бала» фильмін Канаданың «108 Media» компаниясы сатып алды.

    «Студент» фильмі біздің көңілімізден шықты. Бұл картинаны халықаралық нарыққа шығару - біз үшін үлкен құрмет»,- деді келісімге қол қойған «Media Luna New Films» компаниясының даму жөніндегі директоры Алессандро Ломбардо.

    «Бұл жобаның болашағы зор, өте керемет дүние. Біздің компания әлемдік нарықта «Жаужүрек Мың Бала» фильмін ұсынатынына өте қуаныштымыз», - деді «108 Media» компаниясының президенті Натаниэль Уорш.

     

    Международный постер фильма  "Студент"

     

    Международный постер фильма «Жаужүрек Мың Бала»



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019