• 16.09.2019

    «Қазақфильм» киностудиясының президенті және Асанәлі Әшімов Қазақ киносы мұражайын ашты

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    Бүгін, қыркүйектің 16-нда Алматыда «Қазақфильм» киностудиясы территориясында Ш.Айманов атындағы Қазақ киносының мұражайы ашылды.Мұражай қорында көптеген құнды жәдігерлер жиналған. Мұнда аты аңызға айналған режиссер Сергей Эйзенштейннің камерасы, қазақ киносының классигі – Шәкен Аймановтың әуестікпен жинаған коллекциясы мен өзі қолданған жеке заттары, сценарийлер, көптеген кинотуындыларда  қолданылған костюмдер және басқа да құнды жәдігерлер бар. Ал мұражайдың мақтанышы – Шәкен Аймановтың қайта жасақталған жұмыс кабинеті.

               

    Мәдени іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев, КСРО халық артисі Асанәлі Әшімов, мемлекет және белгілі қоғам қайраткері Есет Қосубаев, Қазақстан кинематографистер одағының төрағасы Ермек Тұрсынов, киностудия басшылығы мен ұжымы, сондай-ақ еліміздің танымал киногерлері қатысты.

     

    - Бүгін қазақ кино өнері үшін тарихи сәт, бүгін Ш.Айманов атындағы Қазақ киносы мұражайы ашылып отыр. Мұражайға қойылған барлық экспонаттар, кино әлемі тарихынан сыр шертеді. Бұл жәдігерлер қазақ киносын ерекше сүйетін жандардың арқасында жиналған. Мысалы, «Қыз Жібек» фильмінде қоюшы суретші болып жұмыс істеген Гүлфайруз Смайылова басты кейіпкердің киімі мен сәукелесін сақтап қалған. Мұражайдағы ескі кинотехниканы Иван Лукич Зайцев, ал   фильмдердің афишаларын Меңтай Өтепбергенов ағамыз сақтап қалған. Сонымен қатар, мұражайдың коллекциясын Ш.Аймановтың туысқандары толықтырыды. Осы жандардың арқасында мұражайға келген әрбір адам қазақ киносының тарихымен таныса алады, - деді «Қазақфильм» киностудиясының президенті Арман Әсенов.

     

    - Барлық киногерлерді Қазақ киносы мұражайының ашылуымен құттықтаймын. Бұл мұражай әсем қаламыздың ең көрнекті жері болатынына күмәнім жоқ. Музейдің басты мақсаты – қазақ кино өнерімен байланысты құнды жәдігерлерді сақтап қалу және болашақ ұрпаққа жеткізу. Елімізде бұрын-сонды болмаған бұл мұражай  қаламыздың жастарына, сонымен қатар шетел қонақтарына қызықты болатынына сенімдімін, - деді  Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев.

     

    Айта кетсек, мұражай қоры бүгін тағы да құнды жәдігерлермен толықты, олар: ҚР Ұлттық банкі Ш.Аймановтың 100 жылдығына және Қазақ анимациясының 50 жылдығына арнайы шығарған күміс монеталар және «Казпошта» АҚ шығарған пошта маркасы. Бұл жәдігерлерді киностудия президенті Арман Әсеновке Ұлттық банкінің бас дизайнері Алмат Басенов және «Казпошта» АҚ пошталық төлемдер белгілері басқармасының техикалық редакторы Іңкәрім-ай Оңғарбай табыстады.

     

    Қазақ кинематография тарихындағы басқа да мерейтойлы даталар:

     

    35 жыл бұрын – 1984 жылы «Қазақфильм» киностудиясына Шәкен Аймановтың есімі берілді.

    35 жыл бұрын – 1984 жылы ұлы режиссердің шығармашылығына арналған «Шәкен Айманов» атты деректі фильм жарыққа шықты.

    50 жыл бұрын – 1969 жылы «Тақиялы періште» фильмі Орта Азия елдері мен Қазақстан Кинематографистерінің байқауында дипломмен марапатталды.

    55 жыл бұрын – 1964 жылы Ш.Айманов «Алдар көсе» фильмінің режиссері, сценарий авторы мен актері ретінде бекітілді.

    60 жыл бұрын   1969 жылы Ш.Айманов К.Әбісейітовтың «Найзатас бөктерінде» фильмінің актері (Бейсембай) және сценарий авторы.

    60 жыл бұрын  1959 жылы «Біздің сүйікті дәрігер» фильмі  Бүкілодақтық фестивальде арнайы дипломмен марапатталды.

    60 жыл бұрын –1959 жылы Ш.Аймановқа КСРО халық әртісі атағы берілді.

    60 жыл бұрын –1959 жылы Ш.Айманов «Өмір жолы» фильмінің көркемдік жетекшісі болып бекітілді.

    65 жыл бұрын  1954 жылы Ш.Айманов «Дала қызы» фильмінің режиссері болып бекітілді.

    65 жыл бұрын –1954 жылы Ш.Айманов «Махаббат туралы дастан» фильмінің режиссері болып бекітілді.

    85 жыл бұрын – 1934 жылы Алма-Аты кинохроникалық студиясы құрылды.

     



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2019