• 12.09.2019

    Ермек Тұрсынов «Киношок» фестивалінен жеңіспен оралған актер Мұратжан Мұқажановты құттықтады

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    Жақында ғана Анапада өткен «Киношок» кинофестивалінде «Кино өнеріне адал кейіпкердің образын көркем сомдағаны үшін» қазылар алқасының дипломымен марапатталған «Шырақшы» фильмінде  басты рөлді сомдаған актер Мұратжан Мұқажанов Алматыға орала салысымен, картинаның режиссері Ермек Тұрсыновпен кездесіп, фестивальден алған әсерімен бөлісті.

     

    - Осындай дәрежелі кинофестивальге бірінші рет қатыстым. Фильмнің көрсетілімнен кейін көрермендер қолымды алып, түсіру тобына алғыстарын жаудырды. Елу жылдан кейін кино әлеміне қайта оралып, осындай тамаша фильмде басты рөлді сомдағаныма өзімді бақытты санаймын,- деді актер Мұратжан Мұқажанов.

     

    Мұратжан аға бала кезден киноға түсіп, актер болуды армандаған екен. 1965 жылы ол Құрманғазы атындағы өнер институтына театр факультетіне оқуға түсіп, КСРО халық артисі Хадиша Бөкееваның шеберханасында дәріс алған.

     

    - Түсіру алаңында алғаш рет 1967 жылы болдым, Александр Карповтың «Дорога в тысячу верст» фильмі болатын. Сондай-ақ Абдолла Қарсақбаевтың «Біздің Ғани» фильміне де түстік. 70 жылдары отбасы жағдайына байланысты Семейге оралуыма тура келді, кейін әскерге кеттім, - деп еске алды актер.

     

    Әскерден орала салысымен Мұрат Мұқажанов жергілікті мектеп директорының шықыруымен әскери дайындық бойынша мұғалім болып қызметке орналасады. Оған қоса, сол ауылда театр ашып, қойылымдар қойып

    жүрген. Бүгінде Алматы қаласында тұрып жатқан ақсақалдың 6 немересі бар.

      

    Естеріңізге сала кетсек,  «Шырақшы» кинокартинасы ҚР Мәдениет және спрот министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы «Тұрсынов фильм» ЖШС бірлесе түсірілген.  Фильм – Екінші Дүниежүзілік соғысы кезінде неміс қариядан киноаппарат сыйға алған солдат туралы. Соғыстан соң елге оралған ол қартайған шағына дейін ел аралап, киноаппаратпен ескі фильмдерді көрсетумен айналысады. Ол киноның көмегімен әлемді жақсартуға болады деп сенеді.

     

    Айта кетсек, аталған кинофестивальде фильмнің операторы Мартин Сечанов «Үздік оператолық жұмысы үшін» жүлдесіне ие болды.  



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2019