• 10.09.2019

    «Қазақфильмнің» қысқаметражды фильмдері Baiqonyr кинофестивалінде жүлделерге ие болды

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсыры бойынша «Қазақфильм» киностудиясы түсірген  қысқаметражды фильмдер жақында өткен IV Baiqonyr International Short Film Festival кинофестивалінде екі жүлдеге қол жеткізді. Фестивальдің «Бродвей таңдауы» жүлдесі жас режиссер Рамазан Қалиолланың «Домбыра» фильміне бұйырды. Ал Мади Балжановтың «Статусы бос емес» фильмінің қоюшы суретшісі Әсел Ұлжебаева үздік атанды.

     

    Бес күнге созылған фестивальдің көрсетілімдері Kinoplexx Sary Arka кинотеатрында өтті. Фестиваль барысында Қазақстан, Ресей, Армения, Қырғызстан, Өзбекстан, Алтай, Татарстан, Әзірбайжан және Беларусиядан келген режиссерлердің фильмдері көрсетілді. Айта кетсек, Baiqonyr ISFF кинофестивалін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры қолдауымен «Бродвей» кинопорталы  ұйымдастырып отыр.

     

    Төртінші Baiqonyr халықаралық кинофестиваліне қатысқан отандық режиссерлердің фильмдерін режиссер, Oberhausen International Short Film Festival іріктеушісі Кристиана Бюхнер (қазылар алқасының төрағасы), «Үміт» атты ТМД елдері киносы форумының бағдарлама директоры Гульбара Толомушова, режиссер және сценарист Серік Апрымов, Eurasian Creative Guild Film Festival директоры Майра Қарсақбаева, III Baiqonyr SFF жеңімпазы Тимур Сердалин, продюсер Данияр Ибрагимов халықаралық қазылар алқасы бағалады.

     

    «Мені осы кинофестивальге қазылар алқасы ретінде шақырғандарыңызға рахмет. Қазақстандағы қысқаметражды фильмдердің жағдайы мені әрдайым қызықтыратын. Фестивальге қатысқан фильмдерді көруге келген көрермендерді, олардың қызығушылығын көріп өте қуандым. Baiqonyr кинофестивалі қазақстандық жас киногерлерге бір-бірімен танысып-араласуға, өз фильмдерін таныстыруға кең мүмкіндік беріп отыр», - деді халықаралық қазылар алқасының төрағасы Кристиана Бюхнер.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2019