• 03.09.2019

    «Қазақфильмнің» қысқаметражды фильмдері «Байқоңыр» кинофестиваліне қатысады

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    «Қазақфильмнің» 5 бірдей қысқаметражды туындылары Алматыда қыркүйектің 4-і мен 8-і аралығында өтетін IV Baiqonyr International Short Film Festival кинофестиваліне қатысады. «Сары көйлек» (реж. Талғатбек Әбішев) және «Статусы: бос емес» (реж. Мәди Балжанов) фильмдері фестивальдің басты ұлттық байқауына, ал «Домбыра» (реж. Рамазан Низамиұлы),  «Пайдасыз жаратылыстар» (реж. Жәнібек Мұртазин) және «Жұлдыздар» (реж. Бексұлтан Әнуаров) атты қысқаметражды фильмдер  фестивальдің «Дебют» атты конкурстан тыс бағдарламасына қатысады. Айта кетсек, бұл фильмдер ҚР Мәдениет және спорт министрлігі  тапсырысы бойынша түсірілген.

     

    «Байқоңыр» кинофестивалін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры қолдауымен «Бродвей» кинопорталы  ұйымдастырып отыр. Бас серіктес – Kinoplexx Theaters.


    Қазақстандық фильмдерді халықаралық қазылар алқасы бағалайды. Халықаралық қазылар алқасының төрағасы, режиссер, Oberhausen International Short Film Festival іріктеушісі - Кристина Бюхнер, «Үміт» ТМД елдер киносының форумы бағдарлама директоры Гульбара Толомушова, Eurasian Creative Guild Film Festival директоры Майра Қарсақбаева, режиссер және продюсер Серік Апрымов, III Baiqonyr SFF жеңімпазы Тимур Сердалин және продюсер Данияр Ибрагимов. «Дебют» атты конкурстан тыс бағдарламаны танымал режиссер Дәрежан Өмірбаев таныстыратын болады.


    Көрсетілімдер Kinoplexx Sary Arka кинотеатрында өтеді, кіру тегін.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2019