• 02.09.2019

    «Қазақфильмнің» туындылары Швецияда Қазақ киносының фестивалі аясында көрсетілді

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    «Қазақфильм» киностудиясы Швеция Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының елшілігі және «Швециядағы Қазақстан жастары» ұйымымен бірлесе отырып, Стокгольмде үстіміздегі жылы 28 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Қазақ киносының фестивалін өткізді. Аталған мәдени іс-шара Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» фильмімен ашылды. Бұл тарихи кинотуындыны көрермендерге фильмде басты рөлді сомдаған актриса Алтынай Нөгербек таныстырды. 

     

    Сонымен қатар, фестиваль барысында Болат Қалымбетовтың «Талан»Тұрдыбек Майдан және Тілек Төлеуғазы түсірген «Мұзбалақ» анимациялық фильмі, Бақыт Қайырбековтың «Құтыда жанған алау» деректі фильмі, Ерлан Нұрмұхамбетовтың «Жаңғақ тал»Фархат Шәріповтың «Тұлғалық өсу тренингі»Әділхан Ержановтың «Түн құдайы» және Рүстем Абдірашевтың «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмдері көрсетілді. Аталған кинотуындыларды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірді. Швецияның көрермендеріне отандық туындыларды «Қазақфильм» киностудиясының ресми өкілі, продюсер Диана Әшімова таныстырды.

     

    Коммерциялық емес «Швециядағы Қазақстан жастары» ұйымының басты мақсаты – екі елдің достығы мен тығыз байланыстарын нығайту, сондай-ақ Швеция мен Қазақстан жастарының арасында мәдени диалог орналастырып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау. 

     

    Айта кетсек, фильмдердің барлығы тегін көрсетілді.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2019