• 07.08.2019

    «Қазақфильмнің» қысқаметражды фильмдері халықаралық Baiqonyr кинофестиваліне қатысады

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    2019 жылдың 4-8 қыркүйек аралығында Алматыда өтетін IV Халықаралық Baiqonyr ISFF кинофестивалінің «Дебют» атты конкурстан тыс бағдарламасы аясында «Пайдасыз жаратылыстар»  (реж. Жәнібек Муртазин),  «Жұлдыздар» (реж. Бексұлтан Әнуаров) және «Домбыра» (реж. Рамазан Халиолла) қысқаметражды фильмдер көрсетіледі. Бұл бағдарламаны танымал режиссер Дәрежан Өмірбаев таныстыратын болады.

     

    Естеріңізге сала кетсек, аталған фильмдерді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның «Дебют» шығармашылық бірлестігі түсірген.

     

    Baiqonyr ISFF кинофестивалін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры қолдауымен «Бродвей» кинопорталы  ұйымдастырып отыр. Бас серіктес – Kinoplexx Theaters. Алтын серіктес –  Visit Almaty және Алматы қаласының Туризм басқармасы. Пошта қызметі бойынша серіктес – Kazpost.

     

    Көрсетілімдер Kinoplexx Sary Arka кинотеатрында өтеді.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019