• 25.07.2019

    «Хангүл ізімен» фильмі Үндістанда өткен фестивальден жүлдемен оралды

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    Үндістанның Калькутта қаласында өткен «Kolkata Shorts International Film Festival»  VIII Халықаралық кинофестивальде режиссер Виталий Чернов түсірген «Хангүл ізімен» атты деректі фильмі «Үздік операторлық жұмысы» жүлдесімен марапатталды. 


    ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген кинотуынды «Қазақстанның табиғаты» циклына кіреді. Деректі фильм шөл және шөлейт аймақтарда мекендейтін хангүл, яғни бұхар (тоғай) бұғысы, оларды Қазақстанда қайта көбейту жайлы баяндайды. Фильмн34 операторы Ғани Бекенов.

     

    Kolkata Shorts International Film Festival  Бенгалия мәдениетінің орталығы – Калькутта қаласында өтеді. Аталған фестиваль жас режиссерлердің өсуіне ықпал етіп, әлемде түсіріліп жатқан қысқаметражды фильмдердің  дамуына бағытталған.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019