• 16.07.2019

    Төлеген Байтөкеновтың «Саташ» вестерні Үндістандағы кинофестивальге қатысады

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    2019 жылдың 18-21 шілде аралығында Үндістанның бірнеше қалаларында (фестиваль орталығы Дели) өтетін Jagran Film Festival кинофестивалінің  конкурстық бағдарламасына  Төлеген Байтөкеновтың «Саташ» көркем фильмі қатысады. Картина ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген.

     

    «Саташ» картинасы қылмыскерлермен шайқасқа түскен ауылдың адал Саташ есімді учаскелік полицейі туралы баяндайды.  Қарақшылар тұрғындарға күш көрсете бастағанда, бас кейіпкер Саташ (актер Ақылхан Алмасов)  оларға жалғыз өзі қарсы тұрып,  борышын соңына дейін өтейді.

     

    «Жанрлық картина болғанына қарамастан, әлемді саяхаттаушы, яғни көшпенді  фестивальдің конкурсына біздің фильміміз  қатысатыны, әрине, қуантады. Тағы бір қуантарлығы, «Саташ» фильмі әр елде өзінің бағасын алып жатқаны, демек, біз адамзаттың мәселелерін көрсете алғанымыз», - деп білемін деді режиссер Төлеген Байтөкенов.

     

    Jagran Film Festival-дің мақсаты  киносүйер қауымға қарым-қатынас жасайтын, жақсы фильмдер арқылы өз көрерменін табатын  орталық құру болып табылады. Бұл фестивальдің ерекшелігі,  «көшпенді» фестиваль деуге де болады. Бір жылда бірнеше қаланы қамтуға мүмкіндік береді. Мысалы, өткен жылы фестиваль бағдарламасы Үндістанның 18 қаласында көрсетілген болатын.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019