• 10.07.2019

    Талғат Теменовтың «Біздің қаланың ханзадасы» фильмі Кореядағы кинофестивальге қатысады

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    9-15 шілде аралығында Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өтіп жатқан кинофестивальдің «Kids & Youth Film Festival» бағдарламасында   Талғат Теменовтың «Біздің қаланың ханзадасы» Busan International көркем фильмі көрсетіледі. Картина ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы «Адигул продакшн» компаниясының қатысуымен түсірілген.

     

    «Staying Together» бағдарламасына қатысатын Т.Теменовтың  фильмі үйлесімділік, отбасылық махаббат және достыққа арналған. Естеріңізге сала кетейік, «Біздің қаланың ханзадасы» фильмі - бұл Бибол есімді ерекше бала мен музыкант  Қасымхан шал, олардың кездейсоқ таныстығы үлкен достыққа айналған әсерлі оқиға туралы. Шал балаға туғанындай жақын болып кетеді. Бибол Қасымханмен араласа келе, адамның рухани және адамгершілік қасиеттерінің арқасында шынайы бақытқа қол жеткізе алатынын түсінеді. 

    Естеріңізге сала кетейік, фильмде басты рөлді сомдаған актер Төлеубек Аралбай 2018 жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер арасында өткізілген кинофестивальдің «Ең үздік ер адам рөлі» аталымы бойынша  жеңіп алды. Сонымен қатар, Дакка қаласында өткен 17 ХКФ-де «Біздің қаланың ханзадасы» фильмі «Бадал Рахманның ең үздік балалар фильмі» (*Бангладеште балаларға арналған толықметражды көркем фильм түсірген алғашқы кинорежиссер) марапатына ие болды. Сондай-ақ,   картина II халықаралық  «Еуразиялық көпір» атты кинофестивалінің  негізгі конкурсында көрсетіліп, Севастополь қаласындағы «Алтын Витязь» Халықаралық Кинофорумның бағдарламасына қатысқан. 

     

    Анықтама:

     

    Өндірісі: Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм»  АҚ «Адигул продакшн» компаниясының  қатысуымен

    Жанры: мелодрама

    Режиссёрі және сценарий авторы:  Талғат Теменов

    Қоюшы-оператор: Андрей Маслов

    Қоюшы-суретші: Марат Иманберген

    Композитор: Төлеген Мұхамеджанов

    Бас продюсер: Ахат Ибраев

    Рөлдерде: Төлеубек Аралбай,  Әнуар Төлеуғажы, Лейло Бекназар-Ханинга, Жәния Джуринская,  Динара Әбікеева, Қуандық Қыстықбаев



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019