• 05.07.2019

    "Мұзбалақ" анимациялық фильмі Ресейде өтетін кинофестивальға қатысады

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    Режиссер Тұрдыбек Майдан мен Тілек Төлеуғазының «Мұзбалақ» анимациялық фильмі 2019 жылдың 7-14 шілде аралығында Ярославта,  Ресейде өтетін 14 ХКФ «Отбасымен бірге» конкурстық бағдарламасында көрсетіледі. Картина ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген.

     

    «Мұзбалақ» анимациялық фильмі қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан саятшылық мәдениеті және адам мен бүркіт арасындағы достық туралы баяндайды.

     

    -Ярославтағы фестивальға  «Мұзбалақ» анимациялық фильмінің қатысуы біз үшін өте маңызды.  Біз қазақ анимациясын әлемге танытып жатырмыз. Үлкен жетістіктер күтеміз, - деді «Қазақфильм» АҚ анимациялық бірлестігінің жетекшісі Адай Әбілдинов.

     

    «Отбасымен бірге» кинофестивалі дәстүрлі түрде отбасылық және балаларға арналған үздік фильмдерді ұсынады. Кинофестивальдің басты мақсаты – отбасы, мейірімділік, махаббат, адамгершілікке тәрбиелейтін фильмдерді танымал ету.  Әр жыл сайын фестиваль ұйымдастырушылары жаңа қалаларды таңдап,  ерекше конкурстық және ойын-сауық бағдарламаларын дайындайды.  Қазылар алқасына ресейлік және шетелдік киноөнер майталмандары шақырылады.

     

    Естеріңізге сала кетейік, «Мұзбалақ» былтыр ҚР Кинематографистері Одағының «Құлагер» жүлдесінде, «Үздік анимациялық фильм» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған. Сонымен қатар, XVII «Алау рухы» Халықаралық кинематографиялық дебюттер кинофестивалінің балалар және жасөспірімдер фильмдері конкурстық бағдарламасына қатысқан (Ханты-Мансийск, РФ).

     

    Картина былтырғы күзде қазақстандық прокатта болды.




Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019