• 04.07.2019

    Әділxан Ержановтың "Түн құдайы" фильмі Канадада өтетін фестивальға қатысады

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    2019 жылдың 11 шілдесінен 01 тамызға дейінгі аралықта Монреаль қаласында (Канада) өтетін «FANTASIA International film Festival» кинофестивалінің  «Camera Lucida» конкурстық бағдарламасына Әділхан Ержановтың «Түн құдайы» фильмі қатысады.  Картинаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» АҚ түсірген.

     

    Драма/фэнтези жанрында түсірілген «Түн құдайы» кинотуындысы   қаңырап қалған қалада тентіреп жүрген, шаршаған, суықта тоңып қалған әлдебір Түн құдайы жайлы көрсетеді.

     

    - Картинада барлық департаменттердің – актерлердің, суретшілердің, операторлардың еңбектері бар. Олардың жұмыстары абстрактылы сюжет ретінде ұсынылды. Жалпы алғанда, Канадада өз көрермендері болатынына қуаныштымын, - деді режиссер Әділхан Ержанов. 

     

    FANTASIA фестивалі ұйымдастырушыларының айтуынша,  бұл бағдарлама  – экспериментальді «ерекше, өзіндік, жаңашылдықты» көрсететін фильмдерге арналған.

     

    Естеріңізге сала кетейік, «Түн құдайы» фильмінің әлемдік тұсаукесері 2018 жылы ХХХХ Мәскеу халықаралық кинофестивалінің негізгі байқауында өткен болатын. Сонымен қатар,  картина алдыңғы жылы  Париждегі «L’Etrange Film Festival» және Индонезиядағы «NETPAC Asian Film Festival» кинофестивальдеріне қатысқан. Ал 2019 жылы Үндістанның «Bengaluru International Film Festival»-не қатысқан.

      

    Анықтама:

     

    Өндірісі: Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм»  АҚ

    Жанры: драма 

    Хронометражы: 110 минут 

    Режиссёрі: Әділхан Ержанов 

    Продюсері: Серік Әбішев 

    Сценарийін жазған: Әділхан Ержанов 

    Операторы: Едіге Несіпбеков 

    Рөлдерде: Баймұрат Жұманов, Әлия Зайналова, Нұрбек Мұкышев, Константин Козлов, Салтанат Наурыз, Мақпал Исабекова

     

    Әділхан Ержанов сценарист, кинорежиссер. 71-ші Канн кинофестивалінің «Ерекше көзқарас» бағдарламасына қатысқан («Әлемнің мейірімді енжарлығы», 2018). 40-шы Мәскеу халықаралық кинофестивалінің қатысушысы («Түн құдайы», 2018). 45-ші Роттердамдағы ХКФ NETPAC қазылар алқасының иегері («Қаратас ауылындағы оба», 2016), соныман қатар, көптеген халықаралық кинофестивальдердің лауреаты  және қатысушысы. Қазақстан Киносыншылар ассосциациясының тануы бойынша бірнеше рет «Үздік фильм», «Үздік режиссер» және «Үздік сценарий» атанған. Еуропалық Киноакадемияның мүшесі.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019