• 24.06.2019

    Ресейде Фархат Шәріповтің "Тұлғалық өсу тренингі"/«Тренинг личностного роста» көркем фильмі прокатқа шығады.

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    2019 жылдың 4 шілдесінен бастап Ресейде  режиссер Фархат Шәріповтің «Тұлғалық өсу тренингі»/«Тренинг личностного роста» көркем фильмі прокатқа жіберіледі. Ресей Федерациясы аумағында фильм дистрибьюторы - «RFG Distribution» ресейлік компаниясы болып табылады. Картинаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» АҚ түсірген. Фильм сценарийі Данияр Сүгіралиновтың «Кирпичи 2.0» романы желісінде жазылған.

     

    «Тұлғалық өсу тренингі»/ «Тренинг личностного роста» фильмі ресейлік киножұртшылыққа таныс: 2019 жылдың сәуірінде қазақ кинематография тарихында тұңғыш рет 41-ші Халықаралық Мәскеу кинофестивалінде Гран-приге ие болды.  «Үздік фильм» номинациясындағы «Алтын Георгийді» Шәріповке  халықаралық қазылар алқасының төрағасы – танымал корейлік режиссер Ким Ки Дук табыстады.


     

    -Ресейлік көрермендер біздің картинаны тамашалайтындарына   қуаныштымын. Көрермендер картинаны жылы қабылдайтындарына сенемін, -  деді Фархат Шәріпов.

     

    Қырық жасқа келген, орта жас күйзелісін кешіп жүрген банк қызметкері, көшбасшылық қасиеттерді дамыту үшін тұлғалық өсу тренингіне келген  Қанаттың оқиғасы   ресейлік киносыншыларға ұнады:

    Коммерсант.ру    «Бертолуччидің «Конформистінің» қазақша нұсқасы».

     

    Собеседник.ру«Фильм психологиясымен таңғалдырды».

     

    Кинорепортер.ру – «Әділхан Ержановтың  «Әлемнің нәзік сезімсіздігі»/«Ласковое безразличие мира» фильмінен кейін кезекті әлеуметтік маңызы зор фильмдердің бірі -  «Тұлғалық өсу тренингі».

     

    Кино-Театр.ру – «Бейнелі картинаны ерекшелеп тұрған  - ұстамдылық, суық түстер мен  баяу камера және асықпаушылық, әдетте фестивальдік фильмдер осындай болады». 

     

    Естеріңізге сала кетейік, «Тұлғалық өсу тренингі»/«Тренинг личностного роста» фильмінің әлемдік тұсаукесері 23-ші Пусан Халықаралық кинофестивалінің «Азиаттық кино терезесі» бағдарламасында өткен. Сонымен қатар, өткен жылы картина 14-ші Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалінде Қазылар алқасының Арнайы жүлдесі мен NETPAC  жүлдесіне ие болды.

     

    «Тұлғалық өсу тренингі»/«Тренинг личностного роста» фильмі 2019 жылдың ақпан айында қазақстандық айналымда болды.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019