• 21.06.2019

    ЕСКЕРТУ!

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Соңғы кездері Қазақстан бойынша  алаяқтық жолмен алдау көбейіп кетті.  Алаяқтар еліміздің қалаларында «Қазақфильм» киностудиясының жобаларына кастинг өткізіп, қатысушылардан ақша талап етіп, сонымен қатар кастингтен өту үшін актерлік шеберлік курсын төлеуге мәжбүрлейді екен.  Отандастарымыздан абай болуды және мұндай қылмыстық әрекеттің құрбанына айналмауды сұраймыз. 

    Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ кастинг қатысушыларынан, сондай-ақ түсірілім барысының дайындық кезеңіне қатысу үшін ЕШҚАШАН ақша талап етпеген. Киностудия кастингтері ТЕГІН!

    Ескерте кететін жәйт, қазіргі таңда «Қазақфильм» АҚ еліміз бойынша кастинг өткізіп жатқан жоқ. Біз бүкіл ашық қазақстандық кастингтерді жұртшылыққа және бұқаралық ақпарат құралдарына нақты мәлімет бойынша жариялаймыз. Ақпарат біздің ресми www.kazakhfilmstudios.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарымызда жарияланады. Осы каналдар арқылы кез-келген ақпаратты ала аласыздар.

    Егер, Сіз немесе сіздің жақындарыңыз, таныстарыңыз «Қазақфильм» киностудиясының атынан осындай алаяқтықтың құрбаны болса, киностудияның баспасөз қызметіне төмендегі байланыс бойынша шұғыл түрде хабарлауларыңызды сұраймыз: 8 (727) 302-14-37,press@kazakhfilmstudios.kz.

    САҚ БОЛЫҢЫЗДАР!



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019