Әміре

Джефф Веспа (Jeff Vespa), 2017
Голосовать:
Әміре

Кинотуынды қазақтың тұңғыш драмалық тенор дауысты біртуар әншісі Әміре Қашаубаевтың (1888-1934 жж.) қамшының сабындай ғана қысқа да, жарқын ғұмырын баяндайды. 1925 жылы Парижде өткен Exposition Internationale des Arts Décoratifs et Industriels Modernes шеңберінде өткен бүкіләлемдік музыкалық байқауда Еуропа көрермендеріне қазақтың дәстүрлі әншілік өнері мен қара домбырасын паш еткен 36 жастағы Әмре Қашаубаев КСРО делегациясының арасынан топ жарып, екінші орынды және күміс медаль иеленді. Фильм, сондай-ақ, дарынды әншінің Мұстафа Шоқаймен кездесуі, джаз орындаушысы Джордж Гершвинмен танысуы және туған жеріне оралғанда басты кейіпкердің бастан кешкен сынақтары туралы сыр шертеді.

Өндіруші: «Қазақфильм» АҚ. Ш.Айманова, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша кинорежиссер және инвестор Алидар Өтемұратов
Жыл: 2017
  • Режиссері: Джефф Веспа (Jeff Vespa)
Актерлер:
  • Санжар Мадиев,
  • Еркебулан Даиров,
  • Бен Алдридж (Ben Aldridge),
  • Эбби Корниш (Abbie Cornish).

Фестивальдерге қатысу:

2019 - Richmond International Film & Music Festival 2019 - Houston World Fest

  • 2019 - Үздік оқиғалы фильм Richmond International Film & Music Festival
  • 2019 - Үздік актер Richmond International Film & Music Festival
  • 2019 - WorldFest REMI Platinum award


Трейлер:

Кадры из фильма:
Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz

  


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2019