«Мұзбалақ»

, толықметрлі анимациялық фильм, 2018
Голосовать:
«Мұзбалақ»

Ерте заманда қара ниетті Шегірдің кесірінен жер астындағы абжылан оянып, жер бетіне шығады. Абжылан қазақ ауылын отқа орап, қарсы келгенді жалмап, ел ішіне үрей туғызады. Сол сәтте балапанына қауіп төнгенін сезген ана бүркіт абжыланмен айқасып,оны жер астындағы мекеніне қуып тығады. Ал бүркіт отқа оранған ұядан балапанын алып, алысқа ұшып кетеді. Адам жұтып дәніккен абжылан күн тұтылғанда алып айдаһарға айналып жер бетіне шығатынын білген ауыл адамдары, айдаһарды тек қыран бүркіт қана жеңе алатынын түсініп іздеуге аттанады.Бітімі бөлек қас қыран - Мұзбалақты Ақтай мен Шегір іздеп табады.Бірақ тоғышар Шегір мен ақылды, ақ жүрек Ақтай арасында қыранды баптау туралы екі түрлі көзқарас туындайды. Мұзбалақтың жан дүниесін түсініп,тілін тапқан Ақтай Мұзбалаққа еркіндік сыйлап, онымен адал дос болуға серттеседі. Соңында Ақтай мен Мұзбалақ алып күш иесі айдаһарды жеңіп,Шегірді жазалап, қазақ ауылын қара күштен құтқарып қалады.

Год: 2018
Язык: қазақ
  • Режиссёр-постановщик: Тілек Төлеуғазы, Тұрдыбек Майдан
  • Авторы сценария: Ербол Бораншы, Тұрдыбек Майдан, Тілек Төлеуғазы, Адай Әбілда
  • Художник-постановщик: Адай Әбілда, Тұрдыбек Майдан, Тілек Төлеуғазы
  • Композитор: Әсет Дәненов
  • Монтаж: Тілек Төлеуғазы
  • Звукорежиссер: Жеңіс Екпін
  • Редактор: Жамаш Ержанат, Салтанат Дүнгенбаева
  • Директор: Ербол Бораншы
Трейлер:
Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz

  


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2018