«Алмас қылыш» («Қазақ Елі» сериалының кинонұсқасы)

Рустем Абдрашов, тарихи драма, 2016 ж.
Голосовать:
«Алмас қылыш» («Қазақ Елі» сериалының кинонұсқасы)

ХV ғасырдың орта тұсы. Қара теңіз жағалауынан Моңғолияға дейінгі Еуразия кеңістігінде бір кезде зор қуатты империя болған Алтын Орда құлағаннан кейін бірнеше жеке хандықтар құрылды. Олардың ішінен қазіргі Қазақстанның аумағын жайлап жатқан Ақ орда ерекшеленді. Ақ орда билігі  Шыңғысханның немересі,  Жошының үлкен ұлы Орда Еженнің әулетіне тиесілі болды. Арада уақыт өте келе Шайбаниттердің кіші тармағынан шығатын Әбілқайыр өз билігін күшейтіп, жеке хандық құрды. Ол көшпенділерге қатыгез, аяусыз саясат ұстанған болатын.
1460 жыл. Орда Еженніңұпақтары– Кереймен Жәнібектің айналасына біріккен  ондаған мың көшпенділер ақсақалдар кеңесінде шешім қабылдап, Әбілқайырдан бөлініп шығады. Сұлтандар Моғолстанның шекарасына дейін жеткенде, жергілікті билеуші Есен-бұға оларға қоныс беруге келіседі. Есімі аңызға айналған абыз Асанқайғы да көшке ілесіп, бөлініп шығуға себеп болған оқиғаларды жырына қосады.
Жәнібек пен Керей Әбілқайырдың хандығынан бөлініп, өз ұлыстарын құруға бекінді. Керей мен Жәнібекке қосылған рулардың басшы-билері құрылтай өткізеді. Ең алдымен, жұдырықтай жұмылған ынтымақ керек екенін ескерген олар Керейді хан сайлап, Қазақ хандығының құрылғанын паш етеді.  

Өндіруші: Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «CentaurusRustemAbdrashevproduction» ЖШС-нің қатысуымен
Жыл: 2016 ж.
Премьера: 16.12.16 ж. Астана қ-сы, 18.12.16 ж. Алматы қ-сы
  • Режиссері: Рустем Абдрашов
  • Сценарий авторлары: Смагул Елубай, Тимур Жаксылыков, Рустем Абдрашов
  • Оператор: Умирзак Шманов, Сабит Курманбеков, при участии Едиля Нусипова и Жаннат Баймукановой
  • Қоюшы суретші: Сапар Койчуманов, Александр Плотников, Андрей Маслов
  • Композитор: Абулхаир Жараскан
  • Продюсері: Инкар Абдраш
  • Генеральный продюсер: Арман Асенов
Актерлер:
  • Қайрат Кемалов,
  • Еркебұлан Дайыров,
  • Досхан Жолжақсынов,
  • Иісбек Әбілмәжинов,
  • Аян Өтепберген,
  • Мейірғат Амангелдин,
  • Ниязбек Шайсұлтанов,
  • Бекболат Тілеухан,
  • Арман Қожа,
  • Шұғыла Сапарғали,
  • Мадина Есманова,
  • Қарлығаш Мұхамеджанова,
  • Іңкәр Әбдіраш,
  • Дінмұхамед Ақымов .
Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz

  


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2018