• 01.07.2017

    «Өзен» фильмінің түсірілім жұмыстары басталды


    Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында режиссер Эмир Байғазиннің «Өзен» атты киножобасының қорғалымы өтті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жасөспірімдер туралы баяндайтын бұл трилогия «Асланның сабақтары» және «Төрт оқиға» атты фильмдердің жалғасы. Фильмінің түсірілім жұмыстары 10 шілде күні Алматы облысында басталады.

     

    Трилогияның үшінші бөлімі болған «Өзен» фильмінде Аслан есімді жасөспірімнің өмірі баяндалады. Фильмде өзінен кейінгі бауырларына қамқор және сүйеу бола білсін, мінезді болып өссін деген ниетпен әкесі Асланды қатаңдықта тәрбиелейді. Трилогияның алдыңғы екі бөлімі – «Асланның сабақтары» («Уроки гармонии») және «Төрт оқиға» («Раненый ангел») фильмдерін қамтиды. Фильмінің түсірілім жұмыстары Алматы облысында үстіміздегі жылдың шілде айының 10-ынан басталады.


    Естеріңізде болса, былтыр «Өзен» фильмі үшін жасөспірімдер арасында республикалық кастинг жарияланған болатын. Ұзаққа созылған фото және бейне сынақтардан кейін 13 жастағы Асланның рөліне Жалғас Кланов есімді актер бекітілді. Ал оның бауырларын сомдайтын актерлар: Бағдәулет Сағындықов, Жасұлан және Руслан Өсербаевтар, Эрик Тазабеков. Әкелерінің рөлін еліміздің танымал актері Қуандық Қыстықбаев сомдайды.


    Режисттер Эмир Байғазин Халықаралық Берлин кинофестивалінің негізгі байқауында қатысқан тұңғыш қазақстандық режиссер. 2013 жылы осы фестивальде оның дебюттік «Асланның сабақтары» фильмі «Күміс аю» жүлдесімен және «Morgen Post» газетінің арнайы жүлдесімен марапатталған болатын. Аталған туынды орта есеппен 50-ден астам фестивальдерде көрсетіліп, 25 шақты жүлделерге қол жеткізді. Бұдан бөлек режиссердің «Төрт оқиға» фильмі де 2016 жылы ақпан айында Халықаралық Берлин кинофестивалінде тұсауы кесілген. Кейін бұл кинотуынды Германияда өткен Funf Seen Filmfest фестивалінде, Чонджуда (Оңтүстік Корея) өткен фестивальде арнайы жүлдеге және Словакия елінде өткен Art Film Fest фестивалінде «Үздік режиссер» жүлдесіне қол жеткізді. Оның фильмдері тек Қазақстанда емес, Еуропа елдерінде прокатқа шықты.

Читайте также :


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176

                       


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2017